Алкоголь өніміне жаппай тыйым салына бастады
Алкоголь өніміне жаппай тыйым салына бастады
7 жыл бұрын 3896 e-islam.kz

Қырғызстанның бірқатар өңірлеріндегі жергілікті дүкендерде алкогольді ішімдіктер сатуға тыйым салына бастады.

Алкоголь өнімдеріне ең алғаш рет 2008 жылы Ош облысы Қарақы аймағы тыйым салған. Бұдан кейін республика бойынша 30 дүкен сөрелерінен спиртті ішімдіктер түгелдей алынған.

«Басты мақсат – жастарды алкогольге тәуелділіктен қорғау және осыған байланысты туындайтын қылмыстың алдын алу. Спирт өнімдеріне тыйым салу туралы бастаманы көбіне жергілікті тұрғындар көтереді. Олардың ұсынысын жергілікті билік өкілдері, имамдар мен сауда орындары иелері де қолдау білдіріп келеді» делінген сайт материалында.

Чайча, Алп-Ордо, Кара-Таш, Мады мен Қызыл-Суу ауданы тұрғындары 2015 жылдан бері өз өңірлерінде алкоголь өнімдерінің сатылуына қарсылық білдірген. Мұнан кейін Қырғыз-Ата Ноокат ауданының жеті бірдей ауылы, Алай ауданы Киров ауылы да осы бастаманы жалғастырлған. Сондай-ақ, жергілікті әкімдік те қолдау көрсеткен.

2017 жылдың ақпан айында Қара-Құлжа ауданы Алайкуу ауылында да алкогольге тыйым салынды.

0 пікір
Мұрағат