Әлеуметтік желіге қатысты ең қатал заң жобасы қарастырылып жатыр
Әлеуметтік желіге қатысты ең қатал заң жобасы қарастырылып жатыр
7 жыл бұрын 3784 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германия үкіметі жалған хабар таратқандарды және араздықты қоздырғандарды жауапқа тартып, жазалау жолдарын, дәлірегі, аса ірі мөлшерде айыппұл салуды қарастыратын заң жобасына қолдау білдірді. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Аталған заң жобасы несімен қатал деген сауалға келсек, онда қарастырылған айыппұл мөлшері тым жоғары - 50 млн еуроға дейін жетіп жығылады. Бұған қоса, әлеуметтік желінің көрігін қыздырып отырған топ-менеджерлерге 5 млн еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл заң жобасында, сонымен қатар, балалар порнографиясын насихаттағандарды да, терроризмге үндегендерді де жауапқа тарту жолдары қарастырылған. Заң талаптарын бұзған ақпаратты бір тәуліктің ішінде, яғни, 24 сағаттың ішінде өшіруге мұрсат береді. Айта кетейік, 2015 жылдың желтоқсан айында неміс билігі ксенофобияны насихаттамау және жалған хабарлар таратпау жөнінде компаниямен келісім-шартқа отырған болатын. Алайда, ГФР Әділет министрлігі бұл мәселеде Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде қандай да бір жетістіктерге қол жеткізе алмағанын мойындады. 

0 пікір
Мұрағат