Әлемге әйгілі Гарвард университетінде “бас имам” қызметі пайда болды
Әлемге әйгілі Гарвард университетінде “бас имам” қызметі пайда болды
7 жыл бұрын 4140

Осы күнге дейін Гарвард университетінің мұсылман жастарын өздері білім алатын оқу корпусында құлшылық жасауға мүмкіндік алып, белсенді студенттің бірі жетекшілік ететін Гарвард ислам қауымдастығына ие болып келген болатын. Алайда, енді оқу орны басшылығы тағы да жаңа қадам жасап, ресми мәртебесі бар өзге діндермен қатар Исламды да лайықты дәрежеде мойындау керек деген шешім қабылдаған. Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Халил Абдур-Рашид осы университеттің имамы қызметіне тағайындалған және ол бұл қызметі үшін оқу орнынан еңбекақы да алады. Ол университеттегі құлшылық рәсімдеріне және діни мазмұндағы сауалдарға жауап береді.

Халил бұған дейін де ұзақ уақыт исламтанушы-профессор ретінде университетпен бірлесіп жұмыс істеген және Америка ислам ғылыми семинарының негізін қалаушылардың бірі саналады.

Имам-профессордың дәстүрлі ислами және зайырлы білімі бар. Ол Джордж және Колумбия университетінің бакалаврын оқыған. Діни білімді Йеменнің Тарим қаласында оқып, ижаза алған, сондай-ақ, Стамбулдағы ISAR ислам орталығында білім жетілдірген. Ағылшын тілімен қоса араб, түрік тілдерін еркін меңгерген.

0 пікір
Мұрағат