Әлемдегі әрбір өшінші өлімнің неден болатыны белгілі болды
Әлемдегі әрбір өшінші өлімнің неден болатыны белгілі болды
7 жыл бұрын 3252 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемнің 133 елінің 2,3 мың сарапшылары мен мамандарынан тұратын халықаралық дәрігерлер ұжымы әлемдегі әрбір үшінші өлімнің жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатынын анықтады. Дәрігерлердің бұл зерттеу нәтижесі ournal of the American College of Cardiology басылымында жарияланды. Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын кісі өлімі Шығыс Еуропа елдерінде, Орта Азияда, Таяу Шығыста, Оңтүстік Америкада және Океанияда жиі кездеседі. Ал Жапонияда, Андоррада, Перуде, Францияда, Израилде және Испанияда бұл көрсеткіш өте төмен болып шықты. Зерттеушілер анықтағандай, соңғы бес жылдың ішінде АҚШ-та, Канадада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда және Батыс Еуропа елдерінде жүрек-қан тамырларынан болатын өлім-жітім айтарлықтай азайған. Бұл тұжырым 1990-2015 жылдардың статистикасына негізделген. Мәселен, 2015 жылы әлем бойынша 400 млн-ана аса адам жүрек-қан тамырлары аурулымен тіркелген екен. Олардың 18 млн-ға жуығы айналдырған аурудан ажал тапқан. Ал өткен ғасырдың соңында, дәлірегі, 1990 жылдары  әрбір жүз мың адамға шаққанда орташа есеппен 393 адам жүрек-қан тамырларының ауруларына шалдыққан. Бұл көрсеткіш 2010 жылы 307-ге төмендеді. Соңғы бес жыл ішінде 286-ға дейін кеміген. Мамандардың айтуынша, аталған сырқаттың себебіне семіздік індетін жатқызып отыр. 

 

 

0 пікір
Мұрағат