Әлемде қанша ядролық қару бар?
Әлемде қанша ядролық қару бар?
7 жыл бұрын 6248 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірден айта кетейік, ядролық арсеналды модернизациялау бағдарламасына сай аз да болса, азайып келеді. Бұл жайында әлемдегі ядролық қару қорына қатысты жыл сайынғы мәліметтерді жариялап отыратын Стокгольм қаласындағы халықаралық SIPRI проблемаларын зерттеу институтының мамандары мәлім етті. Аталмыш ұйым өкілдері хабарлағандай, 2017 жылдың басындағы есеп бойынша әлемнің он елінде, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Израил және Солтүстік Кореяда шамамен 14 935 ядролық оқтұмсық болған. Бұл 2016 жылғымен салыстырғанда аз көрсеткіш. Нақтырақ айтқанда, 2016 жылы аталған елдерде шамамен 15 395 ядролық оқтұмсық болған. Яғни, биыл ядролық қару шамамен 4 150 оқтұмсыққа азайған. Айта кету керек, негізінен ядролық арсеналдың кемуі әлемдегі ядролық қару қорының 93 %-на ие АҚШ пен РФ есебінен орын алып отыр. Десе де аталған екі алып ел ядролық қаруды бір жағынан қысқартқанымен, екінші жағынан, оның жетілуіне де баса мән беріп отырғанын айта кетпеске болмайды. Әлемдік үстемдікке ұмтылған екі елде де ұзақ мерзімді және аса қымбат тұратын ядролық қару жүйесін модернизациялауға ден қойып отырғанын алға тартып отыр аталмыш ұйым сарапшылары. Мәселен, АҚШ ядролық қару жүйесін сақтап қалу және жаңғырту мақсатында 2017-2026 жылда аралығына 400 млрд доллар бөлген. Алдағы 30 жылдың ішінде бір триллион долларға дейін қаржы бөлінуі әбден мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат