Ағылшындардың арнайы қызметі жылдар бойы бейбіт ауған тұрғындарын қырып келген
Ағылшындардың арнайы қызметі жылдар бойы бейбіт ауған тұрғындарын қырып келген
7 жыл бұрын 3302 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Британияның арнайы жасағы Ауғанстанның бейбіт тұрғындарын қырып келген. Жанжалға толы бұл жаңалық The Times мерзімді басылымында жарық көрді. Британияның әскери полициясы арнайы жасақтың 2010+2013 жылдар аралығындағы әрекетін тергеген болатын. Тергеу нәтижесі көрсеткендей, ағылшындардың арнайы жасағында ескірген тәжірибе қолданылып келген: тәліптерге қолдау көрсетті деген ақпараттың ақ*-қарасын тексеріп жатпай, күдіктінің сотсыз өлтіргендерімен қоймай, отбасындағы адамдарды да тірі қалдырмаған. Арнайы жасақ сарбаздары да өздерінің бұл әрекетіне қымсынбай жасырмай жайып салған және өздерінің бұл қылмысын ауғанның қауіпсіздік күштеріне жауып отырған. Тергеу нені көрсетті? Қаза тапқан бейбіт тұрғындардың денесінде қалып қойған оқтардың арнайы жасаққа тиесілі екені анықталды. Бұл даудың арты немен аяқталатыны әлі белгісіз. Британ билігі бұл қылмысты жауып-жасырып әлек болуда.  

0 пікір
Мұрағат