Әлемде обырмен ауыратын науқастар саны көп ел белгілі болды
Әлемде обырмен ауыратын науқастар саны көп ел белгілі болды
6 жыл бұрын 2951 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Украинада жыл сайын қатерлік ісікке 130 мыңнан аса адам шалдығады екен. Аталған елдің денсаулық сақтау министрлігі келтірген дерекке қарағанда, қазіргі уақытта обырға шалдыққандар қарасы бұл елде 1 млн адамнан асып кеткен. Тек өткен жылдың өзінде ғана 143 мың адам қатерлік ісік дертіне шалдыққан. 2017 жылы онкологиялық ауруларды емдеу үшін ересектерге арналған дәрі-дәрмекке әдеттегіден екі есе көп қаржы бөлінген, яғни, 2016 жылы 397 млн гривен бөлінсен, өткен бұл көрсеткіш 809 млн гривенді құраған. Ал балалар үшін 558 млн гривен бөлінген, бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 63%-ға көп қаржы. Алайда, бұл елде неліктен мұндай жағдай қалыптасып отырғаны, себептері айтылмаған. Ал өзімізге келсек, қолда бар мәліметке қарағанда, өткен жылы 164 мың адам арнайы есепте тұрған екен. Жылына шамамен 15 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады. 

0 пікір
Мұрағат