Әлемде 130 млн адам гуманитарлық көмекке зәру (видео)
Әлемде 130 млн адам гуманитарлық көмекке зәру (видео)
8 жыл бұрын 2356 24.kz

Әлем бойынша 130 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері олардың саны рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлайды. Осы ретте халықаралық ұйым әлемдік қауымдастықтан 16 млрд доллар көмек сұрап отыр. Бұл соманың бір бөлігін «Уинстон» дауылынан жапа шеккен Фиджи аралына жер сілкінісі болған Эквадорға және алапат қуаңшылық жайлаған Зимбабве мен Эфиопияға теңдей бөлмек. Біріккен Ұлттар Ұйымы сондай-ақ қарулы қақтығыстар толастамай тұрған Ирак, Сирия мен Африка елдерінің тұрғындарын да гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етуге ниетті.     

0 пікір
Мұрағат