Айыппұлмен құтылуды жөн көріп отыр
Айыппұлмен құтылуды жөн көріп отыр
7 жыл бұрын 2332 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

ЕО-ға мүше Чехия ішкі істер министрі Милан Хованец чех билігінің Еуроодақ квотасы бойынша босқындарды қабылдаудан бас тартқанын мәлімдеді. Чехтық Parlamentní listy мерзімді басылымының хабарына қарағанда, Чехия билігі Еуроодақтың өзіне жүктеген босқындарды қабылдау міндетін орындаудан гөрі ЕО талабын орындамағаны үшін салынатын айыппұлды төлеуді құп көріп отыр. Айта кетейік, ЕО квотасы бойынша аталған ел 1,6 босқынды паналатуы керек болған. Чехия әзірге 12 босқынды қабылдаған. Чехия билігі осымен шектеліп, бұдан былай босқындарды қабылдамауды ұйғарыпты. Ел қауіпсіздігі, ең бастысы, ұлттық ерекшелегін сақтап қалу үшін осындай шешім қабылдап отыр. 

0 пікір
Мұрағат