39 әйелі, 94 баласы, 33 немересі бар адамның шаңырағына саяхат (фото)
39 әйелі, 94 баласы, 33 немересі бар адамның шаңырағына саяхат (фото)
8 жыл бұрын 4463 stan.kz

Үндістанның Мизора штатының тұрғыны Циона Хананың 39 әйелі, 94 баласы, 33 немересі бар. Олардың барлығы 100 бөлмелі 4 қабатты үйде тұрады. 

 39-әйелді.jpg2

Мына үйде 166 адам тұрады

Отбасында темірдей қатал, әскердегідей тәртіп екен. Әйелдердің өзі атқаратын белгілі бір жұмыстарға бөлініп қойылған. Бірнешеуі кір жуса, тағы біразы асханад тамақ әзірлейді. Ал тағы бір бөлігі үйдің тазалығына жауапты.

 39-әйелді.jpg1

Хана мырзаның ас әзірлейтін әйелдері

Айта кететін жайт, бұл үлкен отбасы мүшелеріне арналған кешкі асқа 220кг күріш, 30 тауық,132 кг картоп кетеді екен. Көкөністер мен жеміс-жидекті есепке алмағанда.

 39-әйелді.jpg3

Хана мырза отбасымен

Соған қарағанда отағасының жұмысы жақсы жүріп жатыр. Әрі барлық балалары мен әйелдерін ішіп-жегенге, киіндіріп, бағуға табысы жеткілікті екен. Соңғы бір жылдың ішінде Хана мырза тағы 10 қызды әйелдікке алыпты.

«Менің отбасым бойымдағы күш қуатым барда кеңеюін жалғастыра береді»,-дейді Хана мырза.

 39-әйелді

Хана мырза әйелдерімен

Хананың үлкен ұлдары  әкелері округтегі кедей қыздарына бақытты өмір сыйлап жатыр деп түсінеді.

Хана мырзаның ең жас әйелдері оның жатын бөлмесіне жақын маңда тұрады. Әрі отағасының бөлмесіне кезекпен қатынап тұрады екен. Үлкен әйелдері үлкен жатақханада бірге тұрады екен.

 39-әйелді.jpg4

Отағасының үлкен әйелдері тұратын жатақхана 

0 пікір
Мұрағат