2050 жылға қарай атом энергиясын өндіру 2-3 есе артады
2050 жылға қарай атом энергиясын өндіру 2-3 есе артады
7 жыл бұрын 2936 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

1990 жылдардан бері әлем бойынша атом энергиясын өндіру кеміп кетті. Шамамен 16 пайыздан 11%-ға дейін. Бұған ең алдымен баламалы, дәлірегі, жаңғыртпалы энергия көздерінің аталған салаға бәсекелес болуы себеп болса, екіншіден, соңғы бірер жылбұрын Жапонияда орын алған Фукусима атом стансасындағы апат та атом энергиясына деген сұранысты төмендетті. Десе де халқының саны көп, дамушы Қытай және Үндістан секілді елдерде, сондай-ақ, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропада атом энергиясына сұраныс артпаса, кеміген емес. Сарапшылар атом энергиясын өндіруді арттырған күннің өзінде оған сұраныс бәрібір кемімейтінін алға тартып отыр. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) 2050 жылға қарай әлем бойынша АЭС-тің қуаты 2-3 есеге артатын болады. 

 

0 пікір
Мұрағат