2025 жылға дейін елде шылым шегетін адам қалдырмауға бекінді
2025 жылға дейін елде шылым шегетін адам қалдырмауға бекінді
7 жыл бұрын 6216 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркіменстан президенті Құрбанұлы Бердімұхамедов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шылым шегумен күрес жөніндегі бағдарламасын жүзеге асырудың ұлттық стратегиясын бекітті. Бұл жайында "Бүгінгі Түркіменстан" ақпарат агенттігі хабар таратты. "Аталмыш бағдарлама саламатты өмір салтын насихаттау, темеке тартумен күресу, ел тұрғындарының денсаулығын нығайту және өмір сүру жасының ұзақтығын арттыру мақсаттарында қабылданды",- деп айтылған хабарламада. Осы бағдарламаға сәйкес 2025 жылға дейін Түркіменстанды шылымқорлардан азат елге айналдыру бағытында іс-шаралар атқарылады. Айта кетейік, 2016 жылы Түркіменстан аумағында күштік құрылымдар тәркілеген есірткі заттары мен темекі өнімдерін ел көзінше өртеу шарасы өткен болатын. Бұл акцияға халықаралық ұйымдардың өкілдері мен елшілік қызметкерлері қатыстырып, оларға да өз қолдарымен есірткі заттар мен темекі өнімдерін отқа тастатқызды. Белгілі болғандай, осы айдың ішінде заңды жолмен саудаға шығарылған темекі өнімдерін дүкен сөрелерінен алып тастаған. Талапқа құлақ аспағандарға айыппұл салынады. Түркіменстан шылым шегумен қатал күрес жүргізіп келе жатқан әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі. 2013 жылы бұл елде "Темекі түтінінің әсерінен және шылым өнімдерін тұтынудың салдарынан азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" заң қолданысқа енген болатын. 

0 пікір
Мұрағат