Құранға дым болмаған
10 күн бұрын 966

Түркияда көлік өртеніп, күл болған, бірақ ішіндегі Құран кітапқа дым болмаған, бәз қалпында, аман қалған. Осыған таң қалысып жатыр. Кей пікір жазушылар "от та, су да Аллаға бағынады, Алла қаласа от жандырады, қаламаса от зиян тигізбейді, кезінде Ибраһим пайғамбарды Нәпмрұт патша отқа тастағанда Алла Тағала отты дарытпаған еді" десе, тағы бір оқырман: "Алла Құранды өзім сақтаймын деген. Бұл да болса сол Алланың уәдесі болса керек" деп пікір білдірген. Расында да көп жағдайда Құран кітаптын өрттен аман қалғанын көп бейнебаяндардан көруге болады. Бұл да болса Құдай Тағаланың Құранды қорғаймын деген уәдесінің бір кішкене көрінісі болса керек. Өйткені соншама градуста бір кітаптың өртенбей аман қалуын Алланың құдіреті деуден басқа шара жоқ. Өйткені Құран кітаптар отқа жанбайтын қағазға басылмайтыны анық. Сіздер қалай ойлайсыздар, мұның сыры неде? 

0 пікір