Қабыл ет, дұға, тәубемді!
Қабыл ет, дұға, тәубемді!
9 жыл бұрын 3540
Ерлан Садуақасұлы

Озайын десем оза алмай

Жазайын десем жаза алмай

Қиналды қайран жүрегім,

Ауға  түскен сазандай!

 

Шарықтай алмай шабытым

Тере алмай жыр жахұтын

Ұйқас қуып, сан соғып,

Босқа өтті көп уақытым!

 

Өлімнің барын ескермей!

Ажалдан да сескенбей!

Қуандым кейде қартайсам,

Мерейім тасып, өскендей!

 

Парызын Хақтың ақтамай

Азғынға ердім тоқтамай!

Қара бастың қайғыға,

Белшесінен батқаны-ай!!!

 

Маңызын білмей ісімнің!

Көкірек керіп, ісіндім!

Кейіннен, қате, күнәмнің,

Сұрауы барын түсіндім!!

 

Алдағанға мәз болып

Болмашы істі сөз қылып!

Осы күні өзімді,

Кінәлаймын жазғырып ?

 

Өткіздім босқа дәуренді!

Сіңірмей бойға сәулеңді! (Иман Нұрын)

Уа, Жаратқан қабыл ет,

Құлшылық , дұға, тәубемді!

1 пікір