Кедей болсаң тапқаныңды дорбала
Кедей болсаң тапқаныңды дорбала
9 жыл бұрын 3129
Ерлан Садуақасұлы

Кедей болсаң тапқаныңды дорбаларсың!

Бай болсаң мал – мүлкінді арбаларсың!

Нәпсіменен  ашкөздік қысқан сәтте,

Қызғаныштан  сараңданып тар боларсың!

Дүние – байлық жанарыңды арбағанда,

Өкініштен зар илеп қор боларсың!

Санаңды улағанда арсыздық іс,

Өткінші ләззаттардан балды аларсың!

Парақор жемқорлықтан көз ашпасаң,

Дүниенің зор күнәсін арқаларсың!

Атағың  жер жаһанды жайлағанда,

Өрге қарай тұлпардайын жорғаларсың!

Ертең бірақ ажалмен өлерсің-ау,

Мейлі бүгін уақытша бар боларсың!

Шаттанумен мәз болып күнді өткізіп,

Бір күндері түбінде алданарсың!

Қу сайтанмен сұм нәпсің арбағанда,

Өз  рухыңды былғаныш торға аларсың!

Хақ парызын адам боп елемесең,

Шегі жоқ Мейірімнен құр қаларсың!

Қабіріңе кіргенде өкініштен,

Бос өткен әрбір сәтке зар боларсың!

Имансыз боп мінажаттан жұр боп өлсең,

Жалыны зор жаһаннамда қорланарсың!

Байлығың атақ даңқын пайда бермес,

Тек иман мінәжаттан нәрді аларсың!

Иманды бол жұртты сүй, Құдайшыл бол,

Махшарда  игі істермен қорғанарсың!

Жаннатқа нәсіп етсе Хәкім патша,

Кереметке қанығып таңданарсың!

Жайнамазбен сираттан өткен сәтте,

Шегі жоқ Құдіретке таң қаларсың!

Тозаққа емес, Жәннатқа барғың келсе,

Иман жолын осы бастан қолға аларсың!

0 пікір