Қызғаныштың кесірінен адам кез болатын 8 жамандық
Қызғаныштың кесірінен адам кез болатын 8 жамандық
7 жыл бұрын 8760

1. Құлшылық және ғибадатты бұзуы. Бұл мағынада Расулаллаһ (с.а.у.) былай деді: «Айрықша қызғанудан сақ болыңдар, өйткені қызғаншақтық істелінген ғибадат-құлшылықтарды жояды, дәл оттың отынды және құрғақ шөпті жалмағанындай».

 

2. Күнә жасауға апаруы. Қызғаншақ бір кісі өсек айтудан, өтірік айтудан, адамдардың арасын бұзудан кері тұрмайды. Бұл сияқты жаман істерді әдетке айналдырады. Бұл мағынада Дамуре б. Салебенің былай дегені айтылды: "Адамдар қызғану әдетін қоймағанынша, қайыршылық ішінде өмір сүре береді".

 

3. Шапағаттан жұрдай болуы. Абдуллаһ б.Бишр (р.а.) жолымен келген бір риуаятта Расулаллаһ (с.а.у.): «Қызғаншақ болған, өсек айтып сөз тасыған, сатқындық жасаған менен емес, мен олардан емеспін», - деді.

Содан соң Расулуллаһ (с.а.у.) Ахзаб сүресінің 58-ші аятын оқыды: «Сондай мүмин ер, мүмин әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар, жала жауып, ашық жүк жүктеп алды».

 

4. Тозақтың отына апаруы. Бұл мағынада Ибн Омар және Әнәс ибн Мәлік (Алла оларға разы болсын) жеткізген бір хадис-шәрифте Алла елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Алты топ кісілер бар, алты нәрсенің себебімен есеп берместен тозақтың отына тасталынады. Одан: "Иә, Расулуллаһ, (с.а.у.) олар кімдер? Олардың тозақтың отына кірулеріне себеп болған нәрсе не?", - деп сұралғанда Расулуллаһ (с.а.у.) былай деді: «Бұлар кезегімен мынадай: "Зұлымдық жасаған басқарушылар, нәсілге қарап кемсіткендер, тәкаппар басқарушылар, сатқындық жасаған саудагерлер, надан адамдар, басқаны қызғанған білміділер".

 

5. Басқаларына зиян келтіреді. Расулуллаһ (с.а.у.)  бір хадис-шәрифінде былай бұйырды: «Мұқтаждықтарыңызы орнына келтіру үшін құпия ұстауға тырысыңыз, өйткені әр нығмет иесі қызғаншақтыққа ұшыраған».

 

6. Пайдасыз, шаршатуы және қасіретке апаруы. Ибн-и Самад (р.а) былай деді: "Қызғаншақтық жасағаннан басқа бейшарадай көрінген бір залымды көрмедім, айыпты бір жан, нашар бір ақыл, айырлылмас бір қайғының иесі".

 


7. Жүректі соқыр етуі. Жүрек соншалықты соқыр болады, Ұлы Алланың үкімдерінен бір үкімді де көре алмайды. Суфян-и Сәуридің мына сөзі маңызды: "Түсінік сезімің жоғары болуын қаласаң, қызғаншақ болма".

 


8.Кедейшілікке апарып соғуы. Бұл туралы былай делінген: "Қызғаншақ болған кісі бақытты бола алмайды".

 

 

1 пікір
  • Әттең сол қырсық, қызғаншақ мінезіміздің арқасында, біраз нәрседен кешігіп те, біразынан қателесіп те жатамыз. Қазіргі заманда бәрі өзінше ақылды. Алдында не күтіп тұрғанын білмей кеудесін көтеретіндер қаншама. Өзі білетінге сайып барады. Шамалы ақылға салып, артық ойды жинастырып, сыйластықпен өмір сүргенге не жетсін. Я Аллам, бір өзің ғана біздей аңдаусыз, сабырсыз пендеңе иман мен көркем мінез, сабырлылықты бере гөр!...
    7 жыл бұрын