Оразаның пайдалары: Ра­ма­зан мен айт мейра­мы
Оразаның пайдалары: Ра­ма­зан мен айт мейра­мы
2 жыл бұрын 1470

«Ра­ма­зан ке­лер­де сан­сыз се­зім­дер мен то­лып та­сы­ған ой­лар сал­та­нат құ­ра­ды. Күн мен түн де тұ­тас­тай ила­һи (құ­дай­лық) ра­қым­ды­лық пен ке­ші­рім­ді­лік­ке то­лып та­са­ды. Мез­гі­лі біт­кен сәт­те жү­рек­тер­ге өзі­не де­ген қи­мас се­зім мен са­ғы­ныш-са­зы тұ­на­ды. Бі­рақ сол бір жү­рек­те­рі ра­ма­зан­ға ай­нал­ған жан­дар­ды жа­сыт­пай, олар­ды іші құт-бе­ре­ке мен қуа­ныш-шат­тық тол­ған айт кү­ні­не ама­нат­тайды. Ра­ма­зан­нан кейін айт­тың ке­луі біз үшін то­сын оқи­ға бол­ма­са да, бейне бір жа­ңа ат­қан таң­дай жан-са­райы­мыз­ды нұр­ға бө­леп, са­на­мыз­ды сәуле­сі­мен қы­тық­тап, көк­жиек­тен кө­рі­не­ді. Кейде ол бейне бір тол­ған ай­дай кө­гі­міз­ге кө­те­рі­ліп жа­на­ры­мыз бен кө­ңіл-кө­лі­міз­ге сәуле­сін тү­сі­ріп адам жа­нын тәт­ті ар­ман­дар­ға же­те­леп, бойда­ғы ас­қақ се­зім­дер­ді оята­ды. Ра­ма­зан­мен ыс­тық ықы­лас құр­ған адам ба­ла­сы айтты ила­һи ша­ра­пат­тан төгіл­ген си­қыр­лы уа­қыт се­зі­ніп, оның те­рең тыл­сым-сы­рын аң­ға­ра­ды. Оның ила­һи тар­тым­ды­лы­ғы мен си­қы­ры­на мал­тып, уа­қыт­ша бол­са да, ра­ма­зан­нан айры­лыс­қан қа­сі­рет се­зі­мі­нен же­ңіл­де­ге­нін се­зі­ніп, алып ра­қым айы­ның қош­та­суы мен те­рең ша­ра­пат кү­ні­нің мейра­мын бір­ге тар­та­ды.

Біз айтты әр­қа­шан тез туып, бір сәт­те тө­бе­міз­ге кө­те­рі­ліп, бейне бір көз­ді ашып-жұм­ған жыл­дам­дық­пен өмі­рін аяқ­тап ба­ту­ға таян­ған тол­ған ай­дай се­зі­не­міз. Әп-сәт­те ке­ліп, әп-сәт­те ке­тіп, са­ғы­ны­шы­мыз­ды ой-са­на­мыз­да қал­ған су­рет­тер­мен оңа­ша қал­ды­ра­ды. Қыс­қа уа­қыт аясы­на сыйып кет­кен айт­тың аса бай әрі ас­там жо­мар­тты­ғы сон­ша – он­да ап­та мен ай­лар­дың жа­сы­рын екен­ді­гін айту әсі­ре айт­қан­дық емес. Ол қа­шан да көк­тен ой-са­на­мыз­ға бейне бір шы­рақ­тай жа­ғы­лып, кө­ңіл-кө­гі­міз­ге шат­тық-өзе­ні бо­лып құйыла­ды. Кө­кі­рек-кө­зі ашық жан­дар­дың да жа­на­ры­ның ру­ха­ни жа­ры­ғы жарқ етіп, өзі­не тар­тып, ра­ма­зан­мен қи­май қош­тас­қан­дар­ға көк­тер­дің бей­біт-нұ­рын ұсы­на­ды. Осы­лайша жал­пы бә­рі­не жү­ре­гі­нің те­рең­ді­гі­не қа­рай, ру­ха­ни әлем­ніңәсем­дік­те­рін жет­кі­зе­ді.

Айт – дү­ние мен ақы­рет­ке тән әсем­дік­тер­дің бір-бі­рі­мен ете­не ара­ла­сып, адам­дар­дың ра­ма­зан бойы әр түр­лі ғи­ба­дат­тар ар­қы­лы бейне бір пе­ріш­те­ге айна­лып, пе­ріш­те­лер де осы ұқ­сас­тық­қа бет бұ­рып, сол бір ру­хы саф жан­дар ара­сын­да сай­ран­дап, айна­ла ила­һи әсем­дік пен сұ­лу­лық­қа ора­нып, осы­нау ға­жайып тыл­сым дү­ниені көр­ген­дер, өз­де­рін оян­ғы­сы кел­мей­тін түс әле­мін­де деп ой­лайты­нын айту­ға тіл жет­пес күн.

Осы мү­бә­рак күн­де ра­ма­зан жеткен бар­лық жер-жү­зі пе­ріш­те­лер мен ру­ха­ни жан­дар­дың көк­те­гі тыл­сым әле­мін­дей кө­рі­ніп, шат­тық­қа бө­лен­ген ру­ха­ни ға­ла­мат­қа тең бір си­қыр­лы­лық­қа ора­на­ды. Сол сәт­тен қа­сиет­ті айт мұ­сыл­ман­дар­ды өзі­не бау­рап алып, олар­ды жү­рек пен ру­ха­ни өмі­рі­нің тұң­ғиығы­на қа­рай тар­та­ды. Олар­ға ай мен күн тіп­ті құс жо­лын қам­ти ала­тын ке­ңіс­тік дайын­дап, «құ­пия қа­зы­на­ға» жап-жа­рық айна бо­лу жол­да­рын көр­се­те­ді... Кө­ңіл­де­рі ала­бұр­тып, алып ұш­қан әр­кім өз дә­ре­же­сі­не қа­рай айт­тың көр­сет­кен жол­да­ры­мен ұшу­ға даяр құс­тай бо­ла қа­ла­ды. Тыл­сым сыр­дың есі­гі ашы­ла кет­кен­дей қа­нат­та­рын та­ғат­сыз қа­ға­ды. Ақы­рын­да ұша жө­не­ліп, жет­кен яки же­те­тін шың­дар­дың ас­қақ­ты­ғын кө­ріп, та­ма­ша­лап, тұ­ла бойы нұр­ға ма­лы­на­ды да, осы дү­ние кү­нін бейне бір жән­нат за­ма­ны­на ай­нал­ды­ра­ды. Иә, олар ға­жайып күйге еніп, әр­бір зат­тан Хақ­қа тиіс әсем­дік пен сұ­лу­лық­ты кө­ріп, та­ма­ша­лап, ақ­пай тоқ­тап қал­ған за­ман­ның ті­лі­мен ең әде­би хұт­па-жыр­лар оқи­ды. Оған бар­лық ме­кен­дер­ден, айт­тың нұ­ры­мен боял­ған саф, ға­жайып си­қыр­лы әуен қо­сы­ла­ды. Егер айт­тың жаз­ған осы бір әуені мен айт әле­мін­де­гі адам­дар­дың жү­рек-са­райы­нан тө­гіл­ген жыр­ла­рын қа­ғаз­ға тө­гу мүм­кін бол­са, ең ға­жап әуен мен аса ма­ғы­на­лы өлең де мұ­ның жа­нын­да күз­де тө­гіл­ген сап-са­ры жа­пы­рақ­тай бо­лып қа­лар еді деп ой­лай­мын.

Кейде айт­тың ке­луі­мен, кө­кі­рек кө­зі ояу жан­дар­ды Ұлы Жа­ра­ту­шы жақ­тан ес­кен «ила­һи са­мал» бау­рап ала­ды. Сол сәт­те олар жай адам­дар­дың та­ма­ша ет­кен әле­мі­нің ар­ғы жа­ғын көр­ген­дей ға­жайып күйге еніп, бейне бір екі әлем­нің ор­та­сын­да тұр­ған­дай се­зі­не­ді. Та­қуа­лық­тан жү­рек­те­рі ді­ріл қа­ғып, өз­де­рін «үміт пен үрей» аясы­нан та­ба­ды. Кейде адам айтта бар­лық нәр­се­ні бол­мы­сы­нан бас­қа­ша се­зі­ніп, өз­ге­ше ба­ға­лайды. Тіп­ті ол өзін баура­ған кей­бір се­зім иі­рім­де­рі ар­қы­лы көк­тер мен жер­ді бір-бі­рі­мен бі­рі­гіп кет­кен­дей кө­ріп, жер­ден ұзап, көк­ке ұшып, пе­ріш­те­лер­дің ара­сы­на кі­ріп, олар­дың әле­мін­де жүр­ген­дей се­зі­ніп, ашы­лып, ке­ңейіп «ме­кен­сіз» күй ке­ше­ді. Сон­да ол өзін бейне бір түп­сіз те­рең­дік­ке бой­лап, шек­сіз­дік­ке жет­кен­дей се­зі­не­ді.

Айтта се­зім­дер өте жұм­сап, адам жа­ны қат­ты же­ңіл­дейді де, ақыл мен жү­рек бір-бі­рі­мен қо­сы­лып ке­те­ді. Адам кейде осы бір дең­гейде­гі өз­ге­ріс­тер­ге қа­рап, қат­ты таң­да­на­ды. Бәл­кім, сол сәт­те ол адам­дық құн­ды­лық­тар­ды ес­ке тү­сір­ге­ні үшін айт­тың қайта-қайта ке­луін қа­лай­тын да шы­ғар...

Иә, айтты бар­лық иман­ды жан­дар іш­тей се­зі­не­ді. Біз­дің өл­ке­міз­ге аса нә­зік, аса сүй­кім­ді, аса тәт­ті бо­лып ке­ле­ді. Мың­да­ған жыл­дан бе­рі қа­дір­лі қо­нақ­тай ке­ліп, құт-бе­ре­ке­сін ша­шып, мейі­рім-ша­па­ға­ты­мен құ­шақ­та­ған айтты қа­шан да үйі­міз­де, ме­шіт, мі­нә­жат­ха­на мен кө­ше­лер­де кө­ріп кел­ген сәт­те-ақ құ­ша­ғы­мыз­ды ашып тұ­ра жү­гі­ре­міз. Иә, айт әр кел­ге­нін­де са­на-се­зі­мі­міз­ге қат­ты әсер етіп, өзі­міз­ді құ­ша­ғын­датұр­ған­дай се­зі­не­міз. Сон­да біз оны бейне бір аң­қы­ған жұ­пар иіс, тіл мен та­ма­ғы­мыз­да­ғы ләз­зат, жү­рек­те се­зіл­ген тәт­ті­лік, ой-өрі­сіміз­ге жа­ңа ат­қан таң­дай се­зі­не ке­те­міз. Ол да күн­нің әр са­ға­тын­да біз­ге тіл­мен жет­кі­зе ал­май­тын ға­жайып әуе­нін ша­рық­та­тып ала жө­не­ліп, айна­ла­сын бау­рап алып, бә­рі­міз­ді өзі­нің ақы­рет­тік ба­ғы­на қа­рай тар­та­ды. Ой-са­на мен қиял-әле­мі­міз­ді ға­ла­мат су­рет­тер­мен бе­зен­ді­ре­ді. Бір кү­ні алыс­тап кет­се де, ой-са­на­мыз­да әсем түс­тер­дей сол бір су­рет­тер сақ­та­лып қа­ла бе­ре­ді...»

0 пікір