Мәуламнан сұра
Мәуламнан сұра
9 жыл бұрын 4197

Әбу Хубәйб Абдуллаһ ибн Зубейір (р.а.) былай деді: «Жәмал соғысы басталатын күні әкем Зубейір мені шақыртты. Қасына барғанымда: «Балам, бүгін өлгендер не залым, не жазықсыз болады. Өз басым жазықсыз мерт болып, шейіттердің қатарына қосыламын-ау деп армандаймын. Бар уайымым қарыздарыма тіреліп тұр. Алда-жалда көз жұма қалсам малымды сатып қарызымды төлегейсің, балам. Қарыздарымды қайтарғаннан кейін бала-шағамның жан бағуына мал-мүлік қала ма, қалай ойлайсың?» - деді. Сосын қалған мал-мүлкінің үште бірін балаларыма өсиет қылып: «Қарыздарым толық төленіп біткен соң да дүние қалса үште бірі сенің балаларыңа тиесілі», - деді. Сөйтіп қарызын қайтаруды қайта-қайта тапсырды да: «Балам, егер қарызымды төлей алмай қиналсаң, мәуламнан сұра», - деді («Мәула» сөзі арабшада құлына бас бостандығын берген иесі мағынасына да келеді). Не дегенін түсіне алмай: «Мәула дегеніңіз кім?» - деп сұрадым. «Мәулам - Алла», - деді. Алланың атымен ант етейін, қашан әкемнің аманатын ақтаудан қиналсам: «Уа, Зубәйірдің Мәуласы! Оның қарызын төлеуіме жәрдем бер», - деп тілеуші едім. Сондай кезде орайы келіп, алақаныма қиыннан қиысып тиын түсетін».[1]

[1] Бұхари. Фарзул хумус 13.

1 пікір