Намаз оқымаған әйелдің жағдайы (оқиға)
Намаз оқымаған әйелдің жағдайы (оқиға)
6 жыл бұрын 55650 fondihlas.ru

Бір молданың әңгімесінен:

Бір күні қайтыс болған әйелдің денесін жуындыруға әкелді. Көшеде қатты шіліңгір ыстық болса да, төбесі ашық көлікпен алып келді. Жолдың бойында оны әкелген бауырластар оның мәйітін бір орнында ұстап тұра алмады.  Бауырластар денені мәшинеден сүйреп апарып,  әйелдер денені жууға кірісіп кетті. Оның өлі денесін  жуып болғаннан кейін мешітте оған жаназа намазын оқыдық. Жаназа намазы әдеттегідей өтті, бірақ оның денесін зиратқа әкеліп, қабірге түсіргіміз келгенде, біз оны өз орнынан мүлде алға жылжыта алмадық. Мен осы тұста сіздерге мәйітті зембілден жердің үстіне түсіре алмағандығымызды айтқым келеді. Сол мезгілде зираттың маңында болған адамдар ауыр көліктің өзін төңкеріп тастайтындай алып күшке ие болса да, олар өлі денені тіпті сантиметрге де жылжыта алмады.

Қаза тапқан әйелдің үш ұлы шұңқырда еді, мен денені түсіруге көмектесетіндердің қатарында тұрдым, дегенмен ештеңе істей алмадым. Мына тылсым құбылысты қараңыз! Менің аяғым қабірдің шұңқырының үстінде болды әрі зиратта болғандардың барлығы жабылып, бұл денені қозғай алмағанын көргенде, аяғым дірілдеп, қасіреттен денем қалтырап, қатты қорқып кеттім. Осы көріністі көрген қайтыс болған әйелдің бір ұлы анасының денесі қозғалмайтынын көргенде тізесін бүгіп, айқайлап, қинала бастады. Мен оған "Ештеңе айтпа және айқайлама!" деп қолыммен белгі бердім.

Біз қайтыс болған адамға қатысты шариғат кітаптарында жазылмаған түрлі жағдайлармен кездестік. Сондықтан мен  басқа бір дін ғалымына хабарласып, оған жағдайды түсіндірдім. Ол маған:

- "Құран оқы!"- деді. Мен:

- "Бірақ, шейх, Құран өлгендерге бұдан былай көмектеспейді", - дедім.

Шейх болса:

- "Оқы, Алла қаласа, пайдасы тиер", - деп қайталады.

Мен Құранның "Ясин", "Кәһф", "Мүлік" сүрелерінен бірқатар аяттар оқыдым. Бұл кезде қабір басындағы бірнеше еркек мәйіттің денесін қабірге түсіруге тырысып жатты. Негізі, өлген денені бас жағынан түсіреді. Мен Құран аяттарын оқып болғанда, мәйіттің аяқтары табыттан ақырындап сырғи бастады. Мен "Аллаға шүкір, жақсы бастама", - дедім.

Кенет әйелдің ұлдары анасының мәйітін көрге тастай салды. Мен олардан:

- Неліктен аналарыңды зірк еткізіп тастай салдыңдар? - деп таңдана сұрадым. Олар:

-Біз үшеуіміз де анамыздың мәйітінің алапат ауыр салмағын ұстап тұра алмадық. Егер ұстап тұрар болсақ, онымен бірге үшеуіміз де ауыр салмақпен құлап түсуші едік.

Мен әйелдің ұлдарына бетін құбылаға қарай бұру үшін мәйіттің денесін тартып алуын сұрадым. Оның жүзін құбылаға қарату үшін денесін жарты метрге көтергіміз келді, алайда біз оның астынан қазылып тұрған шұңқырды көрдік. Тіпті мұндай шұңқырды экскаватормен қазып алғың келсе де, соншалықты жылдам қаза алмаушы едің. 

Сол сәтте ұлы кенеттен басымды ұстап, өтініп сұрады:

- Анамның құпиясын сақташы! Алла сенің құпияларыңды жасырсын! Мен:

- Ештеңе істей алмаймын, барлығы бұл жағдайды өз көздерімен көрді, - деп жауап бердім. Сонда ол тағы да:

- Иә, осы менің анамның құпиясы болсын, Алла сенің де құпияларыңды жасырсын! Жоғарыға шыққан сәтте мен сізге барлығын өзім баяндап беремін, - деді. Мен оған қазір айтуын сұрағанда, ұлы қабірде тұрғанда емес, қабірден шыққанда айтатынын білдірді. Ол былай деді:

- Сізден тағы бір нәрсе өтінейін деп едім... Мен жуғаннан кейін анамның жүзін көрдім, ақтық сәтінде оны тағы бір, соңғы рет көрсем деп едім, - деді. Мен ұлдарына рұқсат бердім. Мен бұған рұқсат етілген бе, жоқ па, білмеймін. Барлығы аяқталған соң мен ұлынан шешесіне қатысты бар сырды айтуын өтіндім. Алайда ұлы менің  басымнан сүйіп, кешірім сұрап, шындықты айтудан бас тартты.

- Сен маған уәде еткенсің. Ол былай деп жауап берді:

- Иә, мен анамның бет-әлпетін көрмей тұрып уәде бердім, енді көргеннен кейін сізге шындықты айта алмаймын.

Содан кейін ол маған қарап, былай деді:

- Мен сізге бір нәрсені ғана айта аламын, қабірдегі жатқан мына кісі менің анам емес.

- Балам-ау, қалайша сенің анаң емес, құжатында да сенің анаң екендігі жазылған.

- Жоқ, шейх, мен анамды соңғы рет жуындырғаннан кейін көріп, оны сүйгенде анамның жүзі нұрлы әрі жарқын болатын. Ал мына біз жерлеген әйелдің жүзі көмірдей қап-қара әрі қорқынышты болды, - деді. Мен бұл болып жатқан тылсым жағдайға таңқалдым. Қабірден тысқа шыққаннан кейін әлгі әйелдің ұлы сол қалпында бар шындықты айтпай, менен қашқақтап кетті. Сонымен қабірдегі осы құпия жасырын сыр қалпында сақталып қалды. Алайда Алланың құдіреті шексіз ғой, бірнеше айдан кейін анасы дүниеден өткен сол жігіттің немере ағасы қайтыс болды, мешітте жаназа намазын оқыған кезде әлгі ұлы да маған жақындау жерде тұрды. Жаназа намазы аяқталған соң ол маған келіп:

- Мені таныдың ба, молдеке? - деп сұрады. Мен есіме түспей тұрғандығын айтып едім. Ол:

- Өткенде мәйітін қара жер қабылдамаған әйелдің ұлымын ғой, - деді. Менің есіме барлығы оралып, көз алдымда тізбектеліп өтіп жатты. Бұл жігіттің келбетінен көптеген өзгерістерді байқадым, сақалын өсірген, маңдайынан ұзақ жасалған сәжденің іздерін байқадым, сүннет бойынша киінген. 

- Мен сол әйелдің ұлы едім, анамның оқиғасын ендігі жерде ешкімнен жасырмай барлық мешіттерде, тіпті жүрген жерімде адамдар ой түйсін деп айтып жүрмін. Ендігі кезекте сізге де айтамын, өткен жолы бар ақиқатты айтамын деп айтпай сізден қашып кетім едім, содан бері ар-ұжданым мені қатты мазалап жүр. Сол жер қабылдамаған ауыр жағдайдан кейін анамның атынан қажылыққа бардым, оның атынан мешіт салдым. Сондай-ақ көптеген жерлерден суық суы атқылаған субұрқақ жасаттым, осының барлығы анамның қабірдегі көмірдей қарайған жүзін көргендіктен, осыны ұмыту үшін жасадым. Сізге бүгін оның бетінің неліктен қара көмірдей қарайып кеткендігін айтамын, шейх. (Ал сіздер қайтыс болған әйелдің ұлы не айтты деп ойлайсыздар?!) Жігіт сөзін жалғастырып:

- О, шейх, менің анам Аллаға құлшылық жасамаған, ешқашан намаз оқымаған жан болатын.

- Сол кезде осы шындықты айтудан неге бас тарттың?

- Менің дәтім бармады, шейх. Себебі, сіздер жабылып менің анамды қабірге салмақшы болып, ұзақ әуреге түстіңіздер, бірақ қара жердің анамды қабылдағысы келмегенін көру өте қасіретті әрі қорқынышты жағдай еді... Қандай өзекті өртер өкініш пен қасірет дерсіз..., - деді мұңайып.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) осы жайында былай деген: "Кімде-кім намазды саналы түрде тастап кеткен болса, ол Алланың қорғауынан айырылады" (Ахмад, 421/6).

"Есеп күні ең бірінші сұралатын амал - ол намаз. Егер кісінің намазы дұрыс болса, онда ол - ең табысты болғандардың бірі, егер намазы дұрыс болмаса, шығынға ұшыраушылардан болады" (Тирмизи, 411). 

Алла Елшісінің (с.а.у.) тағы бір өміршең хадисінде: «Намазды орындамаған адам нұрдан, құтқарылудан айырылады, ол Қарун, Перғауын, Һаман және Умайя бин Халяфпен бірге болады" - деп жеткізілген (Ахмад, 169/2).

 Аударған Меруерт БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

3 пікір