Жар таңдауда ерге мұстахап болған 8 ерекшелік
Жар таңдауда ерге мұстахап болған 8 ерекшелік
6 жыл бұрын 5271
Мұхитдин ИСАҰЛЫ

 1. Діндар, тақуа болуы. 

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَعَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ تُنْكَحُ الْمَرْأَةُ لِأَرْبَعٍ لِمَالِهَا وَلِحَسَبِهَا وَلِجَمَالِهَا وَلِدِينِهَا فَاظْفَرْ بِذَاتِ الدِّينِ تَرِبَتْ يَدَاكَ

Хадисте: «Әйел төрт нәрседе некеленеді. Дүниесі, тегі, сұлулығы және діні. Сен діндар, тақуалығын таңда. Сол кезде берекетке кенелесің» . Бірақ басқа бір хадисте үш ерекшелік айтылады. Мұның арасында «тегі» деген ерекшелік жоқ. 

Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.) әйел алғанда оның тек қана сұлулығы және байлығы үшін үйленудің кедергі жақтары бар екендігін айтады: «Әйелдерге тек қана сұлулықтары үшін үйленбеңдер. Кейде сол сұлулықтары мінез-құлықтарының төмендеуіне апаруы мүмкін. Оларға дүниесі үшін ғана үйленбеңдер. Өйткені дүниесі азғындауына жол ашуы мүмкін. Оларды тақуалығы үшін үйленіңдер. Сөзсіз тақуа болған ескі киімді бір күң тақуа болмаған әйелден әлде қайда жоғары» .

عن رسول الله - صلى الله عليه وسلم - أنه قال : إن الدنيا كلها متاع ، وخير متاع الدنيا المرأة الصالحة

Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) риуаят еткен хадисте пайғамбарымыз (с.а.у.): «Расында дүниенің баршасы нығмет, сол нығыметтің ең қайырлысы - игі әйел»,- деп айтады. 

Сондай-ақ Әбу Һурайрадан (р.а) риуаят етілген хадисте Алланың елшісіне (с.а.у.) «Қайсы әйел жақсырақ?» - деген сұрақ қойылған. Сонда ол (с.а.у.): «Егер қарасаң қуандыратын, бір нәрсе бұйырсаң бағынатын және өзі мен малына қатысты мәселелерде өзіңе қарсы шықпайтын әйел»-деген . 

Мағауия ибн Қарра әкесінен риуаят еткен деректе: «Бірде Омар ибн әл-Хаттабтың адамдарға арнаған құтпасында (уағызында): «Аллаға иман келтіргеннен кейін қандайда бір пенде көркем мінезді, өзі ұнататын және бала туатын әйелден өткен жақсылық көрген емес. Сондай-ақ Аллаһқа күпірлік келтіруден кейін тілі өткір, мінезі нашар әйелден өткен жамандық көрген емес. Аллаһпен ант етемін, олардың ішінде олжа ретінде алынбайтын және өтем ақы ретінде құтылуға лайық әйелдер бар», - деп айтқан.

2. Әйелдің көп туатын болуы

تزوجوا الودود الولود ، فإني مكاثر بكم الأنبياء يوم القيامة

«Сендер өздерің жақсы көрген және бала туа алатын әйелдерге үйленіңдер, өйткені мен Қиямет күні (басқа) пайғамбарлар алдында сендердің көптіктеріңмен мақтанамын»,- деді делінген. 

3. Үйленуде тұрмыс құрмаған қыздармен үйлену. Бір хадисте Аллаһтың елшісі (с.а.у.):

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلَيْكُمْ بِالْأَبْكَارِ فَإِنَّهُنَّ أَعْذَبُ أَفْوَاهًا وَأَنْتَقُ أَرْحَامًا وَأَرْضَى بِالْيَسِيرِ

«Сендер қыздарға(ер көрмеген) үйленіңдер. Өйткені олар сөз тұрғысынан тұнық (ауыздары таза), жатыры таза және аз нәрсеге разы болып келеді»,- деген.

4. Тақуалығы мен қанағатшылдығымен танылған бір отбасында өсуі. Бала да соған ұқсайды.

5. Текті отбасының қызына үйлену.

6. Қыздың сұлу болуы. Үйленген қыздың тақуа болумен қатар әдемі болуы да таңдау алаңына кірген дұрыс. Өйткені әйел ерін өзіне тартып харамнан сақтайды. Хадисте «тағы да қандай әйел жақсы» деп сұрағанда Пайғамбарымыз «Ері оған қараған кезде жүрегіне қуаныш ұялайды. Бір нәрсе айтса екі етпейді. Өз дүниесі мен жеке өмірінде ерінің жақсы көрмеген нәрсесін жасамайды».

7. Әйелді жақындарынан алмай ұзақтан алу.

8. Еркектің ар-намысын сақтай алатын болса бір әйелмен ғана шектелуі. 

وَلَنْ تَسْتَطِيعُوا أَنْ تَعْدِلُوا بَيْنَ النِّسَاءِ وَلَوْ حَرَصْتُمْ فَلَا تَمِيلُوا كُلَّ الْمَيْلِ فَتَذَرُوهَا كَالْمُعَلَّقَةِ

«Қанша тырыссаңдар да әйелдердің арасында әсте әділдік жасай алмайсыңдар. Ендеше біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар» дейді.

Алла елшісі де (с.а.у.): «Екі әйелі болып бұлардың біріне көңілі басым түсетін болса қиямет күнінде денесінің жартысы қисық болып келеді» дейді.

0 пікір