Достық
Достық
1 ай бұрын 1234

 

Достарды зиярат еткенде құр қол бару – диірменге бидайсыз барғанмен тең!

Алла Тағала құлдарына өз құзырына «Қальбу сәлим» мен «қальбу муниб», яғни Құдайға бағытталған жүрекпен келулерін әмір етеді. Осы өмірде Аллаға бағыну (құдай алдындағы) құлдық әдебіміздің негізін құрайды.

Достарыңды көбейт! Өйткені, керуеннің халқы қаншалықты көп болса, жол торауылдаған қарақшылардың күші соншалықты азаяды.

Адам баласы өзгелерге көмек қолын созуға, оларға қамқор болуға бейім жаратылған. Сондықтан, қоғамдасып өмір сүреді. Жалғыз өмір сүру адамға әлсіздік пен бақытсыздық әкеледі. Өйткені, жалғыздық тек Аллаға ғана тән. Пенделердің бастарына келетін қатерлерге қарсы өздерін қорғай алуларының жалғыз жолы – салих мүміндерден құралған топтың арасынан орын алу. Өйткені, Алла Тағала жүректі қорғау үшін: "Шыншылдармен бірге болыңдар!»[1] деп әмір етеді. Бұл ақиқат халық арасында мақалға айналған. «Отарынан айырылған қой - қасқырға жем болады» делінеді мақалда. Бұл сөз адам баласының жалғыз қалған кезінде қауіп-қатерге анағұрлым көбірек тап болатынын аңғартады.

Құс тек өз тобымен ғана бірге ұшады.

Адам баласы өз иманы мен өз амалына сай келетін өзіне ұқсас адамдардың арасында тыныштық табады. Іздегеніне қол жеткізеді. Өзінің әлеміне жат адамдармен бір жерде өмір сүруі адасушылыққа себеп болады. Құстардың да өз тобымен ұшуы табиғи бейімділіктің көрінісі болса керек.

Достарыңызды жиі-жиі іздеңіздер. Өйткені, көптен бері аяқ баспаған жолдарда тікен жайлап кетеді.

Достықты бастау оңай. Оны әрі қарай жалғастыру қиын. Өйткені, достық алыстаған сайын көңілдер тез сууға бейм келеді. Сондықтан да, жиі-жиі оларды зиярат етіп (барып тұру), оларға сыйлықтар тарту ету арқылы достық байланысты жандандырып отыру қажет. Шынай достық қиын сәттерде және қол ұшын беру қажет болған жағдайларда белгілі болады. Қиямет күні, Алла Тағаланың көлеңкесінен басқа ешқандай көлеңке болмайтын күні арштың көлеңкесін паналайтын жеті топ адамның бірі – Алла ризалығы үшін бір-бірімен дос болғандар.

Жақсы досы бар адамға айнаның қажеті жоқ.

Әзіреті Пайғамбарымыз саллаллаһу алейһи уә сәлләм өзінің бір хадисінде: «Мүмін – мүміннің айнасы», - деген[2]. Мұның мағынасы достық сезіммен қараған кісіден өзіңнің шағылысқан бейнеңді көресің деген сөз. Негізінде, адам баласы жаратылысынан эгоист болғандықтан, өзіне ұқсағандарды жақсы көреді. Арадағы достық сүйеспеншілік қаншалықты күшті болса, ұқсастық та соншалықты күшті болады.

«Адам деген жұмбақ әлем» атты кітаптан.
Авторы: Осман Нұри Топпаш.
(«Хикмет» баспаүйі).


[1] Тәубе сүресі, 119 аят.
[2] Әбу Дәуіт: Сүнән. «Әдәп». 4918 хадис.

1 пікір