Досай Кенжетай: Хамфер мен Арминиус Вамбери ағылшын тыңшылары
Досай Кенжетай: Хамфер мен Арминиус Вамбери ағылшын тыңшылары
8 жыл бұрын 9053
Досай Кенжетай

Ағылшын тыңшысы HEMPHER мен Arminius Vambery негізінен венгерлік еврей (бірақ бұл да ағылшын тыңшысы) болған. Хемфер Хижазда Осман дәулетін құлату үшін Мұхаммед Абдулуаххаб ал Наждидің ұстазы болды. Өзі кейін мойындап артына мәтін қалдырды. Ислам құндылықтарын, діни ұстанымдары мен әр ағымның қайшылықты түйіндерін жақсы меңгерген Британи Үндістан басқармасының зерттеушісі әрі орындаушысы бола білді. 

Армени Вамбери де негізінен университет профессоры ғалым болды. Оның Орта Азияға саяхаты туралы жазбалары да өте маңызды. Бұхара әмірі сұлтан Музаффариддин 1863 жылы қажылыққа аттанар салтанаты алдында Вамбериді тыңшы, шпион деп таниды. Себебі ол қанша жерден ислами құндылықтарды танып, білімді болғанымен, түркі ислам сазы мен музыкасы арқылы сыры ашылып қалады.

Айтпағым басқа мәселе, Батыс пен Шығыс яғни ислам өркениетін, Османлы халифатын талқандауда Англия мен Патшалы Ресей арасындағы келісімшарттар болғандығын, олардың бір өркениет ретінде белгілі мүдде қайшылықтарына дейін бірге ортақ жұмыс жоспарлары болғандығы туралы еді...

ХІХ ғасырда Англия мен Ресей арасында мұсылман топырақтарын бөлісіп, отарлау тұрғысынан келісе алмай қалады. Бірақ Британия "ұлылығын" танытып, Ресейдің стратегиялық тыңшы орталықтарын жариялауды кейінге қалдырады. Бірақ Ресей патшасы Османлы патшасы Абдулхамитке Британияның мұсылмандар арасындағы шпиондарын жариялап жібереді. Солардың арасында Орта Азияда "зерттеулермен айналысу үшін Стамбулда сарайда қызмет істеген" Вамбери де бар болатын.

Вамберидің Орта Азияға саяхатынан соң бір жылдан кейін Шоқан Уәлиханов өлтірілді. Міне, осы жерде көп түйін бар. Неге Шоқан шеттетілді? Неге оның мәліметтері Патшалы Ресейді қанағаттандырмады? Неге Шоқан өз дініне карсы болды? Неге, неге? Осы мәселені тарихшыларымыздың назарына ұсынып отырмын. Бұл ориенталистика мәселесі. Өзектілігін әлі күнге жоймай отыр. 

Мәселе өткен ғасырлардың ғана стратегиялық тарихы емес, бүгін үшін де функциялық маңызы бар саяси старетегияға келіп тіреледі.

Шоқан құбылысы жай ғана бір төре әулетінің орыс империясымен қатынасы ғана емес, отарлаушы мен отарланушы арасындағы қатынас та емес, шоқындыру саясаты ғана емес ол Қазақ топырағындағы Орыс ориентализмінің ең маңызды орталығы болатын.

Бұл тақырыпта материалдар жинағаныма жиырма жылдың көлемі болды. Қартайғанда Алла өмір берсе Орыс ориентализмі туралы еңбек жазу жоспарымда бар еді... Кешелі бері амалсыз, тақырып тығыны ашылған соң бастап отырмын.

1 пікір