«Әлем аруы» елге абырой әпере ме?
«Әлем аруы» елге абырой әпере ме?
8 жыл бұрын 3296 almaty-akshamy.kz
Мәлік ОТАРБАЕВ

Рузвельт таққа қонып, еліміз облыс­тарға бөлінген жылы Бельгияда «Әлем аруы» байқауы өтеді. Сұлулық сайысына түскен түріктің қызы Кериман Халис «Әлем аруы» атана­ды.

Бұл оқиға Ататүрік басшылық еткен Түркия үшін де, Осман мәдениетін арқалаған Анадолу халқы үшін де «сұмдық» жаңалық болды. Сол кездегі түрік басы­лымдары «Түркия әлемдік мәдениетке қосылды!» деп бүкіл әлемге жар салды.

Алайда, Батыс олай ойламады. Еуро­паның ниеті басқа-тұғын. Халық айтса, қалт айтпайды ғой. Түрік қызына атақ берместен бұрын байқаудың қазылар төрағасы бүй деген екен:

«Қадірлі қазылар алқасының мүшелері!

Бүгін Еуропа халықтары үшін үлкен қуаныш. Ғасырлар бойы әлемге үкім жүргізген исламдық мәдениет тоқырауға түсті. Бұл – біздің жеңісіміз. Бүкіл мұсылман әйел қауымының өкілі, түріктің қызы Кериман Халис тыржалаңаш күйде атақ үшін жанталасуда. Бұл қызды жеңісіміздің тәжі етіп қабылдайық, оны Әлем аруы етіп сайлайық. Одан да сұлу қыз бар ма, жоқ па, біз үшін ол маңызды емес. Өйткені, бұл жолы біздер сұлулық хан­шайымын таңдамаймыз, жеңісімізді тойлайтын боламыз. Бір кездері Францияда сахналанған биге қарсы шығып, бүкіл Еуропа жұртына сес көрсеткен Сүлеймен сұлтанның ұрпағы бүгін бізден атақ сұрап отыр. Сондықтан болаша­ғымыз үшін осы қызға тоқталайық. Жеңіс құтты болсын!»

«Әлем аруы» елге абырой әпере ме, мерейімізді өсіре ме? Қазақты әлемге мазақ етіп танытудың қажеті қанша? Әлемге паш етемін десең, әне әдебиетіміз, міне, мәде­ниетіміз менмұндалап тұр емес пе.

«Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі – бесік жырын айта алмайтын келіндердің, екіншісі – немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің, үшіншісі – салт-дәс­түрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын», – деген Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзі шынға айналғаны ма?

Бір күні қазақтың қызы, анау-мынау емес, бүкіл әлем­нің аруы атанды десе, таңғалмаймыз. Өйткені, Батыстың есебі бүтін, Шығыстың есебі шығын.

Ұлылардың ұрпағы ұсақталғанына ұялмай, жұтаң­данғанына қайғырмай, енді қайыр­сыздануға көшкені ме?

0 пікір