Адамды жарға жығатын 3 нәрсе
Адамды жарға жығатын 3 нәрсе
8 жыл бұрын 9902

Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан: «Менің үмметімнен мына үш нәрсе қалмайтын болады: жаман болжамдар, қызғаныш және өзгелер туралы жаман ойлау».

Сонда сахабалардың бірі: «Осы айтқандарыңыз біріміздің бойымызда болса, одан қалай құтыламыз? – деп сұрады. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): «Егер қызғаныш сезімі туса, Алладан кешірім сұраңыз, егер біреу туралы жаман ойласаңыз, оны ойыңыздан өшіріп тастауға тырысыңыз, жаман болжамға жол беретін көріністерге тап болсаңыз (мысалға, «қара мысық жолымды кессе, жолым болмай қалады» деген секілді болмашы ойлар), өтіп кетіңіз» (ат-Табарани).

Міне, осы айтылғандар адам баласын күнәға итермелейтін нәрселер болып табылады. Адамның әлсіз тұстары деп айтсақ та болады. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бізге осыларды тізбектеп айтып кеткен.  

Басқа бір хадисте: «Бірде-бір адам үш нәрседен құтыла алмайды: болжам, күмән және қызғаныш» - делінген. Алла елшісі адам баласының болмысын білгендіктен, адам әрдайым бейім болатын осы үш күнәні атаған.

 

Жамандық нышаны, жаман жорамал

Көптеген адамдар әлдеқандай жағдай бола қалса, жамандық жағын бірінші ойлап шығады. Жаманға жору Аллаға сенім келтірген адамның ісі емес. Бұл арадаға мәселе жаманға жоруда ғана емес, бал ашуда, болашақты болжауда болып тұр. Құранда: «Шынында олардың болжамдары Аллада болды, бірақ олардың басым бөлігі бұны білмейді»-делінген. Бұл дегеніміз кез-келген істің Алланың қалауымен және белгілеуімен жүзеге асатынын білдіреді.

 

Қызғаныш, көре алмаушылық, іштарлық

Қызғаныштың негізі – Аллаға разы болмауда жатыр. Адам өзіне Алла берген нығметтерді байқамай, өзгенікімен салыстыруға бейім. Қызғаныш екі дүниеде де адамның бақытсыздығына себеп болады. Алла елшісі: «От құрғақ бұтақтарды қалай жақса, қызғаныш та адамды солай жалмайды»-деген. Ислам бізді біреудікін қызғануға емес, өзімізге не тілесек өзгелерге соны тілеуге шақырады. Ал, біреудің қуанышына көңілі түсетін адам шынайы сенімнің дәмін ешқашан татпақ емес.

 

Болжам, басқалар туралы жаман ойда болу

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «(Адамдар туралы) жаман ойлардан сақтаныңдар, шынында жаман ойлар – бұл ең өтірік сөздер!» - деген. Шынайы мұсылман – ешқашан қолы мен тілінен өзгелер жәбір көрмейтін адам. Алла Тағала Құранда: «Көптеген болжамдардан алыс болыңдар, себебі бірқатар болжамдар күнә болып табылады» - деген (49:12). Хадисте: «Болжамнан сақтаныңдар, себебі болжам – ең өтірік әңгіме» - делінген.

Күнәні «жар, құз» деп алар болсақ, адамды сол жарға жығатын жоғарыда айтылған үш нәрседен сақ болуымыз керек. 

3 пікір
  • Бір адам жайлы жамай ой келе бастаса, "оның сол қасиеті немесе әрекеті де Алланың бұйрығы (қалауы) бойынша шығар" деп алғашқы ойымды тыйам. Сосын сол адам үшін азды-көпті дұға қылуға тырысам. Менің тапқан жолым – әзірше осы.
    8 жыл бұрын
  • мен де қалар едим
    8 жыл бұрын
  • Мен озимди мундай куналардан калай тисам болады канша тырыканыммен колымнан келер емес
    8 жыл бұрын