Үш кісімен Алла Тағала қиямет күні сөйлеспейді!
Үш кісімен Алла Тағала қиямет күні сөйлеспейді!
4 жыл бұрын 15719

  

:وعن أبي هريرة قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم 

  ثلاثةٌ لا يكلمهم الله يوم القيامة، ولا يزكيهم، ولا ينظر إليهم، ولهم عذابٌ أليمٌ: شيخٌ زانٍ، وملكٌ كذابٌ، وعائلٌ مستكبرٌ؛

 (رواه مسلم)

 Сахаба Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, Алла елшісі былай деген:

«Үш кісімен қиямет кұні Алла Тағала сөйлеспейді, оларды тазартпайды, оларға қарамайды және олар үшін қорқынышты азап бар. Ол үш кісі:

  1. Зина жасаушы қарт (шал).
  2. Өтірікші патша.
  3. Тәкәппар кедей. 

(«Сахих Мүслім» атты хадистер жинағынан).


Хадистен алынатын тағылым:

  • Құдай Тағала қиямет күні кейбір адамдардың бұ дүниеде істеген істері себепті кешіру былай тұрсын, олармен сөйлеспейді де, оларға қарамайды да екен. Алла Тағаланың қарамауы – рахымынан мақұрым етуі. Сөйлеспеуі - мейір-шапағатын төкпеуі. Ал тазартпауы – кешірім жасамауы немесе пенденің жасаған игіліктерін қабыл етпеуі деп түсінуге болады.
  • Зинаның күнәсі ауыр. Бірақ, ондай күнәға өзгелерге ақыл айтар жастағы қарт кісінің баруы екі есе ауыр.
  • Жалған сөз сөйлеу, біреулерді алдау - ауыр күнә. Бірақ ел басқарып отырған патшаның суайт болуы екі есе ауыр.
  • Тәкәппарлық - өзін өзгеден артық көру, өзгені қор көру дегенді білдіреді. Тәкәппарлық дінімізде ауыр күнәлар қатарынан. Бірақ кедей кісінің сондай күнәға баруы басқамен салыстырғанда күнәсі ауыр.    

 islam.kz

0 пікір