Түйенің үш қабағы бар екендігін білесіз бе?
Түйенің үш қабағы бар екендігін білесіз бе?
1 ай бұрын 1906
Абдусамат Қасым
 أَفَلَا يَنظُرُونَ إِلَى الْإِبِلِ كَيْفَ خُلِقَتْ
"Олар түйеге қарамай ма, қалай жаратылған!"

Түйенің көздері өз алдына бір керемет. Оның көзінде құмды боранға қарсы қорғайтын үш қабақ орналасқан. Екі қабағы кірпіктерімен бірге көзге құм кірмеуін қамтамасыз етсе, үшіншісі - əйнек тазалағыш іспетті көздегі ластықты сүртіп, тазалап отырады. Ең қызығы - үшінші қабақ əдеттегідей жоғары-төмен емес, көлденеңінен жылжиды. Онымен қоса өте жұқа болғандықтан ол жабық болса да түйе көре береді. Мәселен, құмды дауылдарда және борандарда көзді құм не топырақтан қорғауымен қатар, құдды көзілдірік секілді түйенің сыртты көруіне тосқауыл жасамайды екен, ол жабық болса да түйе жүрісін жалғастыра беретінге ұқсайды...  

Бұл айтқанымыз - түйеге қатысты бір ғана керемет. Түйенің бойында одан да басқа ғажайып дүниелер баршылық. Алла Тағала Құранда: "Олар түйеге қарамай ма, қалай жаратылған"[1] - дей келе оның кереметтей жаратылысына назар аудартуы бекер емес. Құдіреті күшті Алла - неткен шебер еді! 


[1] Құран Кәрім, Ғашия сүресі, 17 аят.

 

0 пікір