Жамандықтың 3 негізі
Жамандықтың 3 негізі
5 жыл бұрын 3251
Құдайберді БАҒАШАР

Ібіліс өзінің көмекшілерін жинап: «Адам баласы дүниені жақсы көре ме?» деп сұрайды. Олар «Иә» деп жауап қатты. Ібіліс сонда: «Егер дүниені жақсы көрсе, олардың пұтқа табынбауы аса маңызды емес. Онда оларды күндіз-түні осы осал тұсынан азғыру керек. Әсіресе мына үш нәрсеге итермелеген жөн:

1. Харам жолмен ақша табуға;

2. Тапқан ақшасын харам істерге шашуға;

3. Қажетті әрі сауапты орындарға жұмсатпауға.

Өйткені барлық жамандықтың негізі осы үшеуінде жатыр», – деді.

0 пікір