Пайғамбарымыз статикалық энергиядан арылудың жолын қайдан білген?
Пайғамбарымыз статикалық энергиядан арылудың жолын қайдан білген?
2 жыл бұрын 10925
Салтан САЙРАНҰЛЫ

Бойыма тоқ қайдан келеді?

Кейде бір-бірімізбен қол алысып амандасқанда, не дене мүшелеріміз металл бір затқа тиіп кеткенде шағын бір тоқ соққанын байқаймыз. Мұндай тоқты қараңғы бөлмеде үстімізден синтетикалық не жүннен тоқылған бір киімді басымыздан асыра шешкенде де шашымыз бен киіміміздің үйкелісінен пайда болған, шытырлаған электр ұшқындарынан да анық көреміз. Естеріңізде ме, мектеп кезінде физика сабағынан мұғалімдеріміз қаламды шашымызға үйкетіп, қағаздың ұсақ қиындыларына жақындаттырғанда, әлгі қағаздарды қаламымыздың өзіне жабыстырып алғанын көруші едік. Бұл да электр құбылысының көрінісі. Тоқтың бұл түрін физикада «статикалық энерия» немесе «статикалық электр тоғы» деп атайды.

Статикалық тоқ негізінен денелердің үйкелісінен пайда болады. Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұмыс істеп жүргенімде әріптестеріміздің арасында мұндай тоқтар жиі соғып жататын. Тіпті, өне бойыңды тітіркендіріп жіберетіндей тоқ өтетін. Себебі, төселген кілемнің үстінде сүйретпе аяқ киіммен, жүн не синтетикалық шұлықпен жүргендіктен арада пайда болған үйкеліс бойға статикалық электр тоғын жинап беретін. Осылайша «зарядталып жүрген» әріптестер бір-біріне тиіп кеткенде тоқ соғатыны осы статикалық энергияның себебінен.

Жалпы, статикалық энергия ағзамыздағы әрбір жасушаның айналасында бар. Адамның өне бойындағы статикалық энергияның көлемі небәрі 2 вольт шамасында ғана болғандықтан адам оны сезіне бермейді. Бұл энергия сырттан қандай да бір әсер болмаса, тепе-теңдігін сақтап тұрады. Ал шамадан тыс асып, тепе-теңдік бұзылатын болса, адам белгілі бір деңгейде, психологиялық тұрғыдан болсын, зарар көреді.

Байқасаңыздар, кейде жауын жауардың алдында не магниттік өріс өткенде адамдардың басы ауырып, ашушаң болып кетеді. Міне, бұл бойдағы статикалық энергияның тепе-теңдігі бұзылғаны. Себебі, жаңбыр жауардың алдында бұлттар оң зарядталып, жер теріс зарядталады да арасында найзағайлар ойнай бастайды. Бұл найзағайлардың нәтижесінен статикалық энергиялар туындап, дүниедегі барлық жанды заттарға тарайды. Міне, сол кезде бойымыздағы статикалық энергия заряды шамадан тыс көбейіп кетеді. Ал электр тоғы көбейген кезде денең тиген жерден шарт-шұрт тоқ ұра бастайды, мінезі де шарт-шұрт бола бастайды. Тіпті, ашу мен стресс те адам бойындағы статикалық энергияның тепе-теңдігін бұзады. Себебі, энергияның қайнар көзі болған жүйке жүйесіне сыртқы факторлар әсер еткенде, ондағы статикалық энергия да артық заряд алады. Сондықтан да, қазақ біреу ашуландырғанда «жүйкемді қоздырма» дейді. Жүйке қозса, статикалық энергия заряды артып, адам ашуға мінеді де маңайындағылармен шартпа-шұрт болады да қалады. Сөйтсе, ашуланған адамда статикалық тоқтың мөлшері 4 есеге дейін артады екен. Мұны ғалымдар инфрақызыл сәулесі арқылы байқаған. Бұл статикалық энергияның адамның ішкі дүниесіне әсері. Әрине, ішке әсер еткен дүние міндетті түрде сыртқа да шығады. Оны ашуды ерттеп мінген адамның әрекеттерінен де көреміз. Бұған ашумен жасалып жататын қылмыстар дәлел.

 

Бір отбасының түбіне жеткен статикалық тоқ

Статикалық энергия өндіріс орындарында, жанар-жағамай құю стансаларында, жер асты көмір шахталарында, өнеркәсіптерде т.б. жерлерде де өте қауіпті. Өйткені, статикалық тоқтың себебінен пайда болған ұшқындар жарылыс не өрт шығаруы мүмкін, тіпті компьютерлік техникаларды да жағып жібере алады. Осыдан екі жыл бұрын Белорусияның Бобруйск қаласында осы статикалық элект тоғының себебінен бір отбасы (күйеуі, әйелі және екі жастағы баласы) тура жанар-жағармай құю стансасының жанында өртеніп кеткен болатын. Бұқаралық ақпарат құралдарында «пластмасса канистрге бензин құйып жатқан жерінен өздігінен өрт пайда болып, бір отбасы түгелімен қаза тапты» деп жазылды. Асылында «өздігінен пайда болған өрт» адам мен пластмассаның бойында жүрген статикалық тоқтың темір пистолетке жанасқанынан шыққан еді. Ал бензиннің отқа ұласуына шағын ғана ұшқынның жеткілікті екенін білеміз. Сол себепті, жанар-жағармай құю стансаларында пластик және шыны ыдыстармен бензин алуға тыйым салынған. Себебі, бұл заттар статикалық тоқты тасымалдаушы болып табылады. Дәл осы Белорусияның Витебск қаласында бір гараж тағы да осылай өртеніп кеткен екен. Мұнда да жарылыс жүргізушінің пластмасса канистрмен көлігіне бензин құйып жатқанында пайда болған. Ал 2007 жылы ресейлік-америкалық «Мир» ғарыштық стансасының 6 компьютері осы статикалық электр тоқтың әсерінен істен шыққан. Міне, статикалық энергияның өндірістік және өнеркәсіптік жерлерде де зарары барын білдік. 

 

Су және жер

Сондықтан да, бұндай төтенше жағдайлар болмас үшін, қазір өндіріс орындары статикалық тоқты бейтараптандырудың, одан қорғанудың, арылудың түрлі шараларын үйренді. Арнайы өндірістік киімдер шығарды, түрлі аэрозольдар өндіруде т.б. Кей жерлерде статикалық тоқ бөлетін техникаларды тоқ соқпасы үшін жерлендіреді (заземление), яғни жермен байланыстырады. Найзағайдың жарқылдауы да статикалық электрдің көрінісі. Сол себепті, байқасаңыз, қаладағы биік ғимараттардың төбесіне де жермен тұйықталған темірлерді шығарып қояды. Бұл темірлер арқылы түскен найзағайлар жерге сіңіп кетеді. Жанар-жағармай көліктердің де астында жерге сүйретілген шынжыр болады. Бұл да статикалық тоқты жерге сіңдіріп жіберудің бір тәсілі. Статикалық тоқты зарарсыздандыруда судың да рөлі зор. Мәселен, жарылыс туындауы мүмкін ашық мұнай және газ фонтаны секілді қауіпті аймақтарда адам денесінде жиналған статикалық электр зарядын шығарып тастап отыру үшін жұмыскерлердің аяқ астына су не инертті газ себіледі. Дәл осы секілді басқа да қауіпті өндіріс орындарында статикалық тоқты зарарсыздандыру мақсатында ауа ылғалдандырылып отырады. Кейде шашымызды пластик тарақпен тарағанда шаштарымыздың шытырлап, тікірейіп кететінін байқаймыз. Бұл статикалық тоқтың пайда болғанын көрсетеді. Сол үшін кейбіреуіміз шашымызды сулап тарауды жөн санаймыз. Демек, су да, жер де электр өткізгіш болып табылып, статикалық электр тоғын сіңіреді.

 

Хадистің хикметі

Ғалымдар адам бойындағы шамадан тыс статикалық энергияның рак ауруларына да жол ашатынын анықтаған. Қалай болғанда да бойдағы статикалық энергияның артығы адамға зиян. Сондықтан да, адамға артық статикалық энергиядан сақтану керек. Ол үшін ашуға берілмеу керек, стрестен сақтану керек, депрессияға түспеу керек, жүйкесін тоздырмау қажет. Ал егер өз-өзін ұстай алмай, бұларға жол беріп қойды ма, онда Пайғамбарымыздың кеңесіне құлақ түруі тиіс. Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм) өзінің хикметті хадисінде: «Ашу – шайтаннан. Шайтан болса, оттан жаратылған. Ал от сумен сөндірілуі тиіс. Олай болса, кімде кім ашуға мінген болса, дереу орнынан тұрсын да дәрет алсын», – дейді. Міне, мұндағы оттың астарында статикалық тоқ екені де күмән келтірмейді. Ал су артық статикалық энергияны сабасына түсіріп, тепе-тең күйге келтіреді. Егер бұған да ашу басылмаса, онда ғұсыл құйыну тиіс. «Кімде кім ашуланса, дәрет алсын, ғұсыл құйынсын. Өйткені ашу азап отынан», – дейді Пайғамбарымыз (саллаһу ‘әлейһи уәссәләм). Ал егер су болмаса қайтеміз? Жоғарыда айтып өткеніміздей, өндірістік орындарында статикалық энергиядан арылу үшін су мен жерге, яғни топыраққа жүгінеді. Адам да су болмаса, топыраққа жүгінуі тиіс. Сондықтан да, су болмаса, таяммум соққан абзал. Яғни, адам таяммум соғу үшін жерге жанасқанда жер артық зиянды энергиялардың бәрін сорып алады. Медицинада да статикалық энергиядан арылу үшін (медицинада статикалық энергияны «стресс» деп қарастырады) су мен жерге жүгінуге кеңес береді. Яғни, стрестен, депрессиядан арылу үшін дәрігерлер кешкісі салқын бір душ алу қажеттігін және бір мезгіл жалаңаяқ жер басып жүру керектігін айтады. Бұдан да адамның рахаттанып қалатынын байқаймыз.

Естеріңізде ме, бала кезімізде көшеде төбелесіп жатқан иттерді ажырата алмай жатқанымызда аталарымыз үстеріне суық су құйып жіберіңдер деуші еді. Біз аталарымыздың айтқанындай мұздай суды төбелерінен шашып кеп жіберетінбіз. Иттер болса жан-жаққа қыңсылап тым-тырақай қашатын. Сөйтсе, бұл да иттердің бойындағы ыза-ашудан туған статикалық энергияны сумен басу екен ғой.

Қазақта «су сепкендей басылу» деген тұрақты сөз тіркесі бар. Бұл да судың тасыған нәрсені басатын қасиеті барын білдірсе керек.

 

Неге «намаздың кілті – дәрет»?

Жалпы, адам бойында статикалық тоқ қана емес, сонымен қатар, ағзамызға зиянды электромагниттік толқындар мен зиянды сәулелер де болады. Себебі, телефон, телевизор, компьютер, интернет қолданғандықтан, адам олардан бөлінетін сәулелер мен айналамызды қоршап тұрған электромагниттік толқындарды бойына сіңіре береді. Каир қаласының (Мысыр) Ұлттық сәулелер технологиясы орталығының бөлім бастығы, биология профессоры Мұхаммед Зияддин Хамид мұндай зиянды толқындар мен сәулелерді денесінен сыртқа қалай да шығару керектігін айтады. Себебі, бұлар адамда қатерлі ісік туғызуы мүмкін. Ғалым осыған қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Зерттеу нәтижесі адам денесіндегі бұл электромагнит Аллаға сәжде етумен сыртқа шығатынын анықтаған. Яғни, бойдағы энергия сәждеге барғанда жерге тиетін адамның жеті ағзасы арқылы сыртқа жылдам шығады екен. Бұл адамның шаршауын басып, кейбір ауруларға шипалы болатын көрінеді. Сосын сәждеге барғанда да Жер жүзінің кіндігі саналған Қағбаға қарау керектігін де маңызды деп санайды. Бұл бойдағы жағымсыз энергияның сыртқа шығуына ең қолайлы позиция көрінеді. Профессор Зияддин адамның таң намазын оқу арқылы бойдағы жағымсыз элементтерден арылып, күнін сергек бастайтынын айтады. Ал бесін, екінті, ақшам намаздары адам бойындағы шаршауды, стресті азайтып, адамға психологиялық жайлы көңіл-күй сыйлайды. Құптан намазы болса, денедегі қалған электромагнитті бойдан сілкіп тастап, жайлы да рахат бір ұйқыға кетуге септігін тигізеді. Міне, мұсылман дәрет алып, намаз оқығанда өзін сергек сезініп, жақсы әсерде қалатыны осыдан. Намаз мұсылманның миғражы саналғандықтан, рух Алланың құзырына көтеріледі дейміз. Бәлкім рухымыздың асқақтауы үшін де бойдағы жағымсыз энергиялар тұсау болар. Намаздың кілті болған дәрет сол үшін де маңызды. Міне, бір хадистің астарында қаншама хикмет, қаншама ғылым жатқанын осыдан-ақ біліңіз. 

10 пікір
  • Жан-жақты зерттеліпті. Рахмет Салтан бауырым!
    2 жыл бұрын
  • Салтан, балам!Денсаулық орталықтары ғалымдарының күнделікті бізді қоршаған кеңістекте кездесетін статистикалық электр және магнит өрістерінің адам баласына биологиялық немесе психикалық әсерін жоқтығын анықтаған. Мақалаңыз қандай деректерге негізделген?
    2 жыл бұрын
  • Кешірім өтінемін. Пікірімді басу кезінде хателік кетіпті. Статикалық деген сөз"статистикалық деп хате басылған. Сіздің мақалаңызда да, энергия өлшемі "В" деп дұрыс көрсетілмеген. Энергия өлшемі "Дж".
    2 жыл бұрын
    • статикалық энергияның көлемі небәрі 2 вольт шамасында ғана болғандықтан адам оны сезіне бермейді. статикалық кернеудің көлемі 2 вольт деп айтпайды гой енді... Кернеу - энергия көзі емес пе.
      2 жыл бұрын
  • Алла разы болсын! Өте пайдалы, өмірлік маңызы зор мағлұмат екен. Бірақ, біз, қаладағылар, тас үйлерде, төсеніш үстіне тағы жайнамаз төсейміз, ешқашан жер баспаймыз. Маңдайымыз жерге тимейді ғой дегенім ғой. Сәжде жасағанымыз - маңдай жерге тиген болып есептеле ме әлде? Қара жерді жалаң аяқ басуды армандап кеттім ғой.
    2 жыл бұрын
  • Саке жалпы макаланыз керемет...Алла разы болсын. Бұл ғылым мен діннің егіз екенін дәлеледейді.
    2 жыл бұрын
  • Ассаламуғалейкум, Салтан, балам!Мен мақала мәтініне арқау болған ғылыми деректер сілтемесін көрсетуді сұраған едім. бірақ түсінбеген сыңай танытыпсың. Ал, жазған жауабың дұрыс кернеудің көлемі (объем), емес кернеу шамасы (величина-мәні)-2Вольт болады. Ал заряд электр өрісін тудырады. Осы тұрақты электр өрісінің энергиясы мәні Джоуьлмен (Дж) өлшенеді. Мақалада ғылыми ұғымдар қате қолданылған. Мысалдар: "ашуланған адамда статикалық тоқ мәні 4 есе артады"-делінген, мұны анықтаған кім? Статикалық тоқ деген қандай тоқ, оның зарядпен қандай қатысы бар? "Энергияның қайнар көзі бол-ған жүйке жүйесі"- деген ұғым қайдан келген. Жүйке-энергия көзі бола алмайды. Энергия анықтамасын қара. "...статикалық энергия, арада болған үйкеліс бойға статикалық электр тоғын жинап береді"-делінген. Тоқ жиналмайды, электр тізбегімен жүреді. т .т ... Талабың құптарлық, бірақ не айтарыңды, не жазарыңды түсінердей білім болуы шарт. " Соқыр тауыққа бәрі дән"-дегенен аулақ болу керек. Жазбағым бұл емес еді. Мақаланың мақсаты дұрыс, дәрет алудың пайдалылығын көпшілікке жеткізу. Мұндай мақалалар ораза ұс-тау туралы да әлсін-әлсін көтеріліп жатады. Дәрет, намаз, ораза с.ғ.с. Мұхаммед пайғамбарымызға уақи арқылы жеткізілген Жаратушымыз Алла Тағаланың сөзі-Құран сөзі, біздерге, мұсылман бауырларымызға берілген үкім-парыз.Орындау міндет. Жаратушымыздан жасаған күнәларымыздың кешірілуі үшін жасала-тын амалдар, ғибадат. Ниетімізде осы жазылғанға сай болуы шарт. Өзің жазғандай дәрет -намаз кілті. Дә-рет намаз, Құран оқу үшін істелетін амал. Яғни, дәрет алу статикалық зарядтан құтылу, намаз дене шынық-тыру, ораза асқазанымызды тазалау үшін істелетін әрекет емес екендігін түсінген дұрыс.
    2 жыл бұрын
  • ASSALAMAGALEYKUM!!!Kez-kelgen zariad oz boinda elektr orisin tudiradi. Zhane adam denesi de ortasha molsherde electr togin otkizedi goi.Bul degenimiz adam boiinda bos elektrondar bar ekenin korsetedi. 2volt potensial ayirimi bar , oris bar , bos elektron bar bolsa onda elektr togi nege zhurmeske. SALTAN bauirimiz PHISIKA galimi emes shagar shmamiz kelgenshe barimiz makalanin gilimy zhagin toliktirayik!!! ISLAMnin hikmetin alemge ayshiktau bukil musilmannin ortakisigoy.BAUIRLAR BARIMIZ BIRGE BOLAYIK!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
    2 жыл бұрын
  • Рахмет Салтан баурымызга. Бираз малиметтер алып калдык. Арине биз статикалык энергияны кетиру ушин немесе булшык еттеримизди ныгайту ушин дарет алып намаз окымаймыз. Керисинше кулшылыктын ишине Алла тагаланын адамга пайдалы терен хикмет сырларды жасырганын билген сайын Жаратуышыга деген шукиршилигимиз арта туседи, ягни иманымыз кушейе туседи. Биздин кулшылыктарымызга самад Алла муктаж емес, керисинше биздин муктаж екенимизди теренирек тусинемиз деп ойлаймын.
    2 жыл бұрын