Жұма күні дұға қабыл болар екі сәт бар:
1. Жұма құтпасында имам минбарға отырған кезде.
Әбу Бурда ибн Әбу Муса әл-Әшғари (радияллаһу анһу) былай дейді:
«Бір күні Әзіреті Омардың баласы Абдулла (радияллаһу анһума) менен:
-Жұма күні дұғалардың қабыл болатын сәт жайында әкең (Әбу Муса әл-Әшғари) Пайғамбардан (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қандай да бір хадис риуаят еткенін естідің бе? – деп сұрады.
- Ия, естідім, - дедім, - Әкем Алла елшісінің (с.а.у.) былай деп айтқандығын естіген екен: «Дұға қабыл болатын уақыт – имам минберге отырғаннан бастап, намаз оқылғанға шейінгі аралықта»[1].
2. Жұма күні асыр мен ақшам арасындағы уақыт.
Сахаба Әнәс ибн Мәликтен жеткен хадисте Алла елшісі Мұхаммед ғалейһиссәләм былай деген екен:
الْتَمِسُوا السَّاعَةَ الَّتِي تُرْجَى فِي يَوْمِ الْجُمُعَةِ بَعْدَ الْعَصْرِ إِلَى غَيْبُوبَةِ الشَّمْسِ
"Жұма күні (дұға қабыл болады деп) үміт етілетін сәтті екінті уақытынан бастап, күн батқанға дейінгі аралықта іздеңдер!"[2] .
©️ islam.kz
[1] Сахих Мүслим, Жұма, 16 бөлім.
[2] Имам Тирмизи: Сүнән.