Ақшаны қалай аз жұмсауға болады?
Ақшаны қалай аз жұмсауға болады?
21 күн бұрын 2457
Дана Алиева

 

1. Табыс пен шығын есебін жүргізіңіз

Ең басты қателік — қадағаламау. Ақша қайда кететінін анықтау үшін күнделікті табыстар мен шығындарды жазып отыру керек. Өзіңізге қолайлы уақытта қолыңызға дәптер мен қалам алып, жазып отыруды ұмытпаңыз. Үлкен сомма жиналатын категорияларды топтастыру қажет. Мысалы: «тамақты» — «азық-түлік», «кафе, ресторандар», » жұмыстағы түскі ас» деп бөлуге болады. Бұл ақшаның көп бөлігі қайда жұмсалатындығын анықтауға, сонымен қатар, оны азайтуға көмектеседі. Бір айдан соң-ақ өзіңіз бен әдеттеріңіз жайлы біраз ақпарат жинайсыз, ал қажет болған жағдайда оларды бір ретке келтіресіз.

2. Бюджетті жоспарлаңыз

Әр айда қанша ақша жұмсау керектігін есептеңіз. Табысыңыз шығындарыңыздан 10% көбірек болсын.
Күндік және апталық шығындарға лимит қойып, ол мәреден аспаңыз. Жұмсап қоямын деп қорықсаңыз, банктің көмегіне жүгініп, картаңызға лимит қойғыза аласыз.

3. Өміріңізді қиындатыңыз

Ойда жоқта сатып алулардан құтқаратын тәсілдер:
*дүкенге тек сатып алу керек заттардың тізімімен барыңыз;
*азырақ мөлшерде ақша, немесе лимиті іске қосылған картаны алып шығыңыз;
*егер бір зат қатты ұнаса, оны бүгін емес, ойланып алып, ертең алыңыз;
*ыңғайлы, бірақ маңызды емес дүниелерден бас тартыңыз, мәселен, өзіңізбен кофе алу, тамақ тапсырысы, т.б.

4. Заттарды түгендеңіз

Айына немесе жылына бір рет киімдеріңізді, кітап сөресін, азық-түлік қорын реттеңіз. Сізде не бар екендігін жазыңыз. Мүмкін, шкафта бүгінгі таңда трендке айналған көйлек ілулі тұрған болар. Қолданбайтын заттарыңызбен қоштаса біліңіз. Аз қаражатқа болса да оларды сатып жіберу мүмкіндігі барын ескеріңіз.

5. Бас тартып үйреніңіз

Өзіңізді қажетсіз нәрсені сатып алудан тоқтатқан сайын, сол ақшаны жинақтау қорына салып отырыңыз.

6. Мүмкіндіктерді пайдаланыңыз

Әр маусымда тауарларға жаппай сатылым болады. Сол аралықты күтсеңіз, біршама үнемдеп қаласыз. Лояльдық бағдарламаоарды қолданып, жеңілдік карталарын аштырыңыз.

7. Жұмыс уақытымен салыстырыңыз

Үнемдеуге стимул — салыстыру. Тауар бағасын жұмыс уақытына айналдыру керек. Мысалы, сіз 9-дан 18-ге дейін, аптасына 5 күн жұмыс істейсіз, ал жалақыңыз — 80,000 теңге. 1 сағатыңыздың құны орташа есеппен 500 теңге. Егер, сіз 8000-ға туфли алар болсаңыз, бұл сіздің екі күндік жұмысыңызбен тең.

8. Стресстен құтылудың басқа тәсілін қарастырыңыз

Көпшілік үшін шопинг — көңіл-күй көтеру тәсілі. Алайда, бұл жаман әдеттердің бірі. Шопоголизм дерті қажет емес шығындарды ұлғайтып, стрессті өршелендіре түседі. Бұл тар шеңбермен тең. Нәтижесінде, сіз қосымша жұмыс істеп, стресс екі есе күшейеді. Әрине, табысыңыз өседі, бірақ, онымен қоса шығындарыңыз да өсетіндігін ескергейсіз.

0 пікір