Есте сақтау қабілетін арттырудың үш тәсілі
Есте сақтау қабілетін арттырудың үш тәсілі
3 ай бұрын 1987 islam.ru
Аударған: Меруерт Бақдаулетқызы

Көпшілік адамдар жасы келген сайын есте сақтау қабілетінің жоғалып бара жатқандығына шағымданып жатады. Жадыны қалпына келтірудің көптеген әдістері бар. Ислам тәжірибесінде осының аясында ұсыныстар қарастырылған. Оқырмандардың назарына солардың бірнешеуін ұсынамыз. 

1. Жадыны жақсартудың бірінші тәсілі - оқу.

Еске сақтау қабілетін жақсарту үшін ынталы болыңыз және есте сақтағыңыз келген нәрсені қайталаңыз. Бұлшықетті шынықтандырғанымыз сияқты, есте сақтау қабілетімізді де жаттықтырып отыруымыз қажет. Ал, жиі кітап оқып, керекті мәтіндерді есте сақтау - адамның жадысын нығайтып, оның динамикасына белсенді әсер етеді. Еске түсіруге жақсы түрде көмектеседі. Жаратқан Иенің алғашқы бұйрығы "Оқы!" деп келуінің бір мәні де осы болса керек. (Құранның Пайғамбарымыз Мұхаммедке  (с.а.у.) жіберілген бірінші аятында: "Оқы!" делінген болатын). Осы тұрғыда, Құран оқу, Құран жаттау, әрі жаттаған аяттарды намазда оқу - есте сақтау қабілетімізге оңды әсері бар.

2. Еске сақтау қабілетін арттырудың екінші тәсілі - күнә жасама!

Кейбір Ислами әдебиеттерде дүниелік істерге деген сүйіспеншілік, бір нәрсеге қайғылану, қышқыл алманы жеу, мазарлардағы жазуларды оқу, жиі-жиі жыныстық қатынасқа түсу жадыны төмендетіні жайлы баяндалады. Соның ішінде әсіресе, ғалымдар күнәлі істерді жасаудың еске сақтау қабілетін төмендететіндігіне ерекше назар аудартқан. Көрнекті ғалым имам Шафии өзінің ілімділігі әрі тақуалығымен ғана емес, есте сақтау қабілетімен де ерекшеленетін. Ғалымның жадысының ерекше болғандығы соншалықты, ол базарға барар жолда бөгде әңгімелерді естіп, жадысын бос, пайдасыз нәрселермен толтырмау үшін құлағын жауап алатын. Сабақты оқу үшін өзіне қажетті дүниені бір рет оқып шықса, сол жеткілікті болған. 

Бір күні Имам Шафиғи бір оқығанын санаға бұрынғыдай бірден тоқи алмағандығын сезеді. Онысын ұстазы Уакиге айтады. Ұстазы оған еске сақтау қабілетінің төмендеуіне жасаған күнәсі себеп болғандығын түсіндіреді. Имам Шафиғи қандай күнә жасап қойған едім деп ойлана бастайды. Сөйтсе, бөтен әйелдің бір сәт ашылып кеткен аяғына көзі түсіп кеткендігі есіне түседі. Шафиғи дереу өкініп тәубе етеді. Одан кейін еске сақтау қабілеті қайтадан бұрынғы қалпына келеді. 

3. Тахаджуд намазы және дұға.

Ислам ғұламаларының пікірінше, түнгі намазды, яғни "тахаджут" намазын оқу - еске сақтау қабілетін күшейтудің бірден-бір жолы. Бұл тұста Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) 100% нәтиже беретін ұсынысын еске сала кетсек орынды болар. 

Сахаба Абдулла ибн Аббастан жеткізілген хадисте орын алған мәлімет бойынша, күндердің бірінде Әзіреті Әли (р.а.) өзінің Құран жаттау кезінде жадысының төмендеп кеткендігін байқап, ол жайында Алла Елшісіне (с.а.у.) шағымданады. Сонда Алла Елшісі (с.а.у.) оған былай деп кеңес айтады:

"Егер қолыңнан келсе, Жұманың түнінің соңғы, үшінші бөлігінде тұрып (намаз оқы). Себебі, бұл уақыт - дұғаларға жауап берілетін рухани уақыт. Егер түннің үшінші бөлігінде тұра алмасаң, түннің ортасында тұрғын, ал егер ол сәтте де тұра алмасаң, жұма түнінің басында тұрып, 4 рәкат намаз оқы. Бірінші рәкатта "Әл-Фатиха" сүресінен кейін "Ясин" сүресін, екінші ракатта "Ад-Духанды", үшінші ракатта "Ас-Сәжде", төртіншіде "Табаракты" оқы. "Тәшәһһудты" аяқтағаннан кейін (екі жаққа сәлем беріп), Жаратушы Аллаға мақтау айт, одан кейін Алла Елшісіне (с.а.у.) және басқа да пайғамбарларға салауат айт. Соңында барлық мұсылмандардың күнәлары үшін әрі бақилық болған күллі мүміндер үшін де кешірім тіле. Ең соңында мына дұғаны оқы: 

اللَّهُمَّ بَدِيعَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ ذَا الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ وَالْعِزَّةِ الَّتِي لَا تُرَامُ أَسْأَلُكَ يَا اَللهُ يَا رَحْمَنُ بِجَلَالِكَ وَنُورِ وَجْهِكَ أَنْ تُلْزِمَ قَلْبِي حِفْظَ كِتَابِكَ كَمَا عَلَّمْتَنِي وَارْزُقْنِي أَنْ أَتْلُوَهُ عَلَى النَّحْوِ الَّذِي يُرْضِيكَ عَنِّيَ اللَّهُمَّ بَدِيعَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ ذَا الْجَلَالِ وَالْإِكْرَامِ وَالْعِزَّةِ الَّتِي لَا تُرَامُ أَسْأَلُكَ يَا اَللهُ يَا رَحْمَنُ بِجَلَالِكَ وَنُورِ وَجْهِكَ أَنْ تُنَوِّرَ بِكِتَابِكَ بَصَرِي وَأَنْ تُطْلِقَ بِهِ لِسَانِي وَأَنْ تُفَرِّجَ بِهِ عَنْ قَلْبِي وَأَنْ تَشْرَحَ بِهِ صَدْرِي وَأَنْ تَغْسِلَ بِهِ بَدَنِي فَإِنَّهُ لَا يُعِينُنِي عَلَى الْحَقِّ غَيْرُكَ وَلَا يُؤْتِيهِ إِلَّا أَنْتَ وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إِلَّا بِاللهِ الْعَلِيِّ الْعَظِيمِ

"«Аллаhумма бади’а ссамавати вал арḓи ҙу-ль-жаляли валь-икрами валь-‘иззати лляти ля тураму. Асалука я Аллаhу, я раẍману бижалялика ва нури важhика ан тульзима ḱалби ẍифӟа китабика кама ‘аллямтани. Варзуḱни ан атлуваhу ‘аля ннаẍви лляҙи юрḓика ‘анни. Аллаhумма бади’а ссамавати вал арḓи ҙуль-жаляли валь-икрами валь-‘иззати лляти ля тураму. Асалюка я Аллаhу, я Раẍману бижалялика ва нури важhика ан тунаввира бикитабика баĉари ва ан туҭлиḱа биhи лисани. Ва ан туфаррижа биhи ‘ан ḱальби. Ва ан ташраẍа биhи ĉадри. Ва ан ту’миля биhи бадани, фа иннаhу ля ю’инуни ‘аля-ль-ẍаḱи ґайрука ва ля юътиhи илля анта. Ва ля ẍавля валя ḱуввата илля билляhи-ль-‘алиййи-ль-‘аӟим».

"О, Хасанның әкесі, сен осылай үш, бес немесе жеті жұма бойы орындасаң, сонда Алланың қалауымен нәтижеге қол жеткізесің. Мені хақ дінмен жіберген Алланың атымен ант етейін, бұл дұға - ешбір мүмінді ешқашан жерге қаратқан емес".

Аталмыш хадисті жеткізуші Абдулла ибн Аббас (р.а.) хадисті әрі қарай былай жалғастырады: "Әли (р.а.) бес-алты, жеті түн өткеннен кейін  РасулулаЛлаға (с.а.у.) тағы да келеді де: "Уа, РасулаЛла! Мен бұрын Құран жаттағанда төрт аяттан артық жаттай алмайтынмын, жаттаған күннің өзінде есімнен шығып кете беретін. Ал қазір күніне 40 аят жаттаймын. Оқыған сәтте Алланың  кітабы менің көз алдымда тұрғандай сезінемін. Және де бұрын кезде қандай да бір хадис естіген болсам жадымнан өшіп қала беретін, ал қазір тыңдаған хадистерімнің ешқайсысын ұмытпаймын, тіпті өзіме айтқан сәтте әрбір әрпіне дейін жадыма сақталады" - дейді қуанып. Бұны естіген Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Қағбаны жасаған Алламен ант етейін, уа, Хасанның әкесі, сен мүмин-мұсылмансың!"- деді. 

Алла зейінімізді күшейтсін!

0 пікір