Хадис: "Дін ғаріп болып келді. Ғаріп болып кетеді"
Хадис: "Дін ғаріп болып келді. Ғаріп болып кетеді"
11 күн бұрын 773
Абдусамат Қасым

 

بَدَأَ الإِسْلامُ غَرِيبًا ، وَسَيَعُودُ كَمَا بَدَأَ غَرِيبًا ، فَطُوبَى لِلْغُرَبَاءِ
"Ислам діні - ғаріп болып келді жəне бастапқыдай ғаріп болып кетеді. Ғаріптерге сүйінші болсын". ("Сахих Мүслім").


Ислам діні алғаш келген кезде жаңа дінді ұстанушылар қатары бастапқыда аз етін. Аз да болса, алтынға бергісіз тұғын олар. Пайғамбарымыз оларды жұлдызға теңеген. Ақырзаман таяғанда да дінді ұстанушылар қатары аз болмақ. "Мұсылманмын" деушілердің саны көп болуы мүмкін, бірақ нақты дінді ұстанып, дін қағидаттарына сай өмір сүрушілер қатары азаяды. Міне солар пейішпен сүйіншіленуде. "Дін - Ғаріп..." дегеннің мағынасы сол.  

Алла бізді де сол "ғаріптерден" етсін.

0 пікір