Зе­кет кім­дер­ге па­рыз?
Зе­кет кім­дер­ге па­рыз?
2 жыл бұрын 838
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Зе­кет­тің бел­гі­лі бір адам­ға па­рыз бо­луы үшін тө­мен­де­гі шар­ттар­дың орын­да­луы тиіс.

 

1. Мұ­сыл­ман бо­луы

Бас­қа ғи­ба­дат­тар сияқ­ты зе­кет ғи­ба­да­тын­да да бе­ру­ші адам­ның ақыл-есі дұ­рыс, ба­ли­ғат жа­сы­на жет­кен, азат мұ­сыл­ман бо­луы шарт. Мұ­сыл­ман мем­ле­ке­тін­де өмір сү­ре­тін бас­қа дін­ді ұстану­шы­лар­ға жә­не ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге зе­кет бе­ру па­рыз емес.

Ха­на­фи мәз­һа­бы­нан тыс бас­қа мәз­һаб­тар­да ба­ли­ғат жа­сы­на жет­пе­ген ба­ла­лар мен ақыл-есі дұ­рыс емес­тер­ге де зе­кет бе­ру па­рыз. Олар­дың мал­да­ры­ның зе­ке­тін уа­лийле­рі бе­ре­ді.[1]

 

2. Ни­сап кө­ле­мі­не же­те­тін не­ме­се одан да көп байлық­қа ие бо­лу

Зе­кет­тің па­рыз бо­луы үшін күн­де­лік­ті тір­ші­лік­те қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қа­жет­тер мен қа­рыз­дар­дан тыс, ни­сап кө­ле­мі­не же­те­тін бай­лық­қа ие бо­луы ке­рек. Ни­сап де­ге­ні­міз – зе­кет­ті па­рыз ете­тін бел­гі­лі бай­лық мөл­ше­рі.

 

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың  түр­ле­рі мен зе­кет  бе­ру­ді па­рыз ете­тін ни­сап кө­ле­мі

  1.  Ал­тын­да: жиыр­ма ди­нар, яғ­ни, 85 грамм
  2.  Кү­міс­те: екі жүз дир­һам, яғ­ни, 595 грамм
  3.  Түйеде: бес
  4.  Сиыр­да: отыз
  5.  Қой мен еш­кі­де: қы­рық
  6.  Сауда зат­та­рын­да: 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең бол­са.
  7. 7.  Ақ­ша­да: 85 грамм ал­тын не­ме­се 595 грамм кү­міс­тің құ­ны­на тең бол­са
  8. 8.  Бау-бақ­ша жә­не егіс өнім­де­рі

 

Күн­де­лік­ті тір­ші­лік­те қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қажет­тер­ге не­лер жа­та­ды?

  1. 1.  Тұ­ра­тын үйі, үй жи­һаз­да­ры мен ас­пап­та­ры;
  2. 2.  Ғы­лым адам­да­ры­ның кі­тап­та­ры мен өнер адам­да­ры­ның ас­пап­та­ры;
  3. 3.  Өзі жә­не әйелі, ба­ла­ла­ры­на же­те­тен бір ай­лық (бас­қа бір риуаят­та бір жыл­дық) азық-тү­лік­те­рі;
  4. 4.  Өзі жә­не от­ба­сы­ның кие­тін киім­де­рі;
  5. 5.  Дә­рі-дәр­мек­тер. Ді­ні­міз­де ден­сау­лық­ты сақ­тау па­рыз са­нал­ған­дық­тан от­ба­сыға күтімге мін­дет­ті адам­дар­ға қа­жет­ті дә­рі-дәр­мек, ем­ха­на қар­жы­ла­ры не­гіз­гі қа­жет­тіліктерге са­на­лып, олар­дан зе­кет алын­байды
  6. 6.  Егіс­тікпен ша­руашы­лық­пен айна­лы­са­тын адам­дар­дың трак­тор, ком­байн сияқ­ты құ­рал­да­ры мен ас­пап­та­ры­нан зе­кет алын­байды. Бі­рақ бұл құ­рал­дар­мен бас­қа­лар­ға жұ­мыс іс­теп, ақ­ша та­ба­тын бол­са, тап­қан ақ­ша­дан зе­кет алы­на­ды.

 

3. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың өсім­ді­лі­гі

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлықтың өсім­ді бо­луы олар­ды күн­де­лік­ті өмір­де қа­же­ті­міз­ге қол­да­ну мақ­са­ты­мен емес, иесі­не кі­ріс кір­гі­зу мақ­са­ты­мен қолға ұс­та­луы. Мы­сал­ға, сауда зат­та­ры­ның сауда жа­сау ар­қы­лы, мал-жа­нуар­лар­дың төл­деу ар­қы­лы, егіс, бау-бақ­ша­ның же­міс бе­ру ар­қы­лы иесі­не кі­ріс кір­гі­зуі сияқ­ты. Ал­тын, кү­міс, ақ­ша, әше­кей бұйым­дар­мен сауда жа­сап, кі­ріс кір­гі­зуі мақ­сат етіл­ме­се де, олар­дан зе­кет бе­ру па­рыз. Яғ­ни, олар­дың өсім­ді бо­луы шарт емес.

 

4. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа бір жыл толуы

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа ай санауы­мен бір жыл то­луы ке­рек. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ха­ди­сін­де: «Бір жыл тол­май байлыққа зе­кет бе­ріл­мейді»[2], – дейді.Бір жыл – зе­кеті бірілетін дүние, мал­да­рдың кө­бейіп, өсе­тін уақы­ты.

Жыл то­лу мә­се­ле­сін­де Имам Әбу Ха­ни­фа­ның көз­қа­ра­сы­на сүйен­сек, зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлық екі­ге бө­лі­не­ді.

а) Ал­тын, кү­міс, бар­лық ақ­ша түр­ле­рі жә­не жыл­дың кө­бін­де қыр­да жайыла­тын мал­дар мен сауда зат­та­ры.

ә) Бар­лық егіс­тік, бау-бақ­ша өнім­де­рі мен қаз­ба бай­лық­тар.

Бі­рін­ші бө­лім­де­гі зе­кет берілетін заттар мен дүние-мүлік, малдардың зе­ке­ті бе­рі­лу үшін то­лық бір жыл то­луы шарт. Өйтке­ні, мал­дар­дың төл­деп, сауда зат­та­ры­ның кі­ріс кір­гі­зе­тін уақы­ты кем де­ген­де бір жыл. Ал екін­ші бө­лім­де­гі зе­кеті  берілетін дүниелердің зе­ке­ті бе­рі­луі үшін бір жыл то­луы шарт емес. Өйтке­ні, егіс пен бау-бақ­ша­дан бір­не­ше айда өнім алу­ға бо­ла­ды. Сол сияқ­ты қаз­ба бай­лық­ты бір жыл­да бір­не­ше рет алу­ға бо­ла­тын­дық­тан, бұ­лар­ға ни­сап мөл­ше­рі мен бір жыл то­лу шар­ты қо­сыл­майды. Ал Әбу Юсуп пен Мұ­хам­мед­тің бұл мә­се­ле­де­гі көз­қа­ра­сы­на сүйен­сек, ша­ма­мен бір тон­на­ға жет­пей­тін жә­не қол­да бір жыл сақ­тауға шы­да­май­тын егіс өнім­де­рі мен же­міс-жи­дек­тер­ден зе­кет алын­байды.

Зе­кет па­рыз бо­лу үшін ха­на­фи мәз­һа­бын­да ни­сап кө­ле­мі жыл­дың ба­сын­да әрі жыл­дың ая­ғын­да то­лық бо­луы шарт. Мы­сал­ға, бір адам не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс 100 грамм ал­тын­ға ие бол­са, бір жыл тол­ған­нан кейін 50 грам­ға азайса, бұл адам­ға зе­кет бе­ру па­рыз емес. Бі­рақ жыл­дың ор­та­сын­да азайып, жыл­дың ая­ғын­да ни­сап кө­ле­мі­не қайта жет­се, зе­кет бе­рі­ле­ді. Мы­сал­ға, ал­ты ай­дан кейін 50 грам­ға азайса, бі­рақ жыл­дың ая­ғын­да 120 грам­ға шық­са, жыл­дың ба­сын­да­ғы 100 грамның не­ме­се жыл­дың ор­та­сын­да­ғы 50 грамның зе­ке­ті бе­ріл­мей, жыл­дың ая­ғын­да­ғы 120 грамның зе­ке­ті бе­рі­ле­ді.

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін бай­лық, мал-дәу­лет бір жыл тол­ған­нан кейін кө­бейіп өс­се, кө­бей­ген бө­лі­мі­нің зе­ке­ті дәл сол жы­лы бе­ріл­мейді. Кө­бей­ген бө­лі­мі­нің зе­ке­ті ке­ле­сі жы­лы дәл сол уа­қыт­та бе­рі­ле­ді. Мы­сал­ға, бір адам­ның қо­лын­да өт­кен жыл­ғы Ра­ма­зан айы­ның он бе­сін­де 100 мың тең­ге бол­са, бұл кө­лем биыл­ғы жы­лы Ра­ма­зан айы­ның он бе­сі­не дейін 140 мың тең­ге­ге кө­бейіп, Ра­ма­зан айы­ның жиыр­ма­сын­да 160 мың­ға жет­се, 140 мың тең­ге­нің ға­на зе­ке­ті сол жы­лы бе­рі­ле­ді.

Зе­кет­тің па­рыз бо­луы үшін мал­ға бір жыл то­луы ке­рек де­дік, бі­рақ па­қыр ке­дей-кеп­шік­тер­дің жағ­дайын ой­лап, бір жыл тол­май да зе­кет бе­ре бе­ру­ге бо­ла­ды. Бі­рақ бір жыл­да екі рет зе­кет бе­ріл­мейді.

5. Қа­рыз бол­мауы

Адам­дар­ға бол­ған қа­рыз­дың бар­лық тү­рі – зе­кет­тің па­рыз­ды­ғы­на бө­гет жа­сайды. Мы­сал­ға, бір адам не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс 100 грамм ал­тын­ға ие бол­ды де­лік. Бі­рақ бұл адам­ның бас­қа бі­реуге 20 грамм кө­ле­мін­де қа­ры­зы бол­са, бұл адам­ға зе­кет па­рыз емес. Өйтке­ні, қа­рыз­дан тыс қал­ған мал­дың мөл­ше­рі ни­сап кө­ле­мі­не (85гм ша­ма­сын­да­ғы ал­тын­ның құ­ны) жет­пейді.

 

Ал­дың­ғы бір жыл не­ме­се бір­не­ше жыл үшін беріл­ме­ген зе­кет есе­сі қа­рыз­ға жа­та ма?

Бір жыл не­ме­се бір­не­ше жыл үшін бе­ріл­ме­ген зе­кет есе­сі қа­рыз бо­лып са­на­ла­ды жә­не мін­дет­ті түр­де өте­луі тиіс. Өтел­ген­нен кейін қал­ған ақ­ша­ның құ­ны ни­сап мөл­ше­рі­не же­тіп жат­са ға­на сол жыл үшін зе­кет бе­рі­ле­ді.[3]

 

Қа­рыз иесі бо­рыш­ты­ның қа­ры­зын кеш­кен

жағ­дайда...

Қа­рыз иесі қа­ры­зын бо­рыш­ты­дан кеш­кен жағ­дайда, ке­шіл­ген қа­рыз­ды қос­қан­да бар­лық ақ­ша­сы­ның мөл­ше­рі ни­сап мөл­ше­рі­не же­тіп жат­са, зе­кет бе­ру па­рыз. Қа­рыз иесі қа­ры­зын кеш­кен күн­ге бір жыл тол­ған­нан кейін зе­кет бе­ре­ді.

 

Құр­бан­дық, пі­тір са­да­қа, кәф­фа­рат, қа­жы­лық

сияқ­ты мұ­сыл­ман­ның мой­нын­да­ғы қа­рыз­дар зе­кет­те­гі ни­сап мөл­ше­рі­не әсе­рін ти­гі­зе ме?

Атал­мыш қа­рыз­дар Аллаһ пен құл­да­ры­ның ара­сын­да бол­ған­дық­тан, зе­кет­тің ни­сап мөл­ше­рі­не әсе­рін ти­гіз­бейді. Мы­сал­ға, біреудің байлы­ғы ни­сап мөл­ше­рі­не же­тіп тұр­са, бі­рақ мой­нын­да атал­мыш қа­рыз­да­ры бол­са, жә­не бұл қа­рыз­дар­ды өте­ген жағ­дайда, қал­ған ақ­ша­сы ни­сап мөл­ше­рі­не жет­пей қал­са да зе­кет бе­ру па­рыз бо­лып қа­ла бе­ре­ді.

 

6. Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін байлыққа то­лық ие бо­лу

Зе­ке­ті бе­рі­ле­тін бай­лық­қа зе­кет бе­ру­ші адам то­лық ие бо­луы ке­рек. Яғ­ни, иесі­нің иелі­гін­де жә­не қо­лын­да тұ­рып, қа­ла­ған уа­қыт­та қол­да­на ала­тын­дай мүм­кін­дік­те бо­луы ке­рек. Мы­сал­ға, бас­қа бі­реуге ке­піл­дік­ке бе­ріл­ген затқа зе­кет бе­ріл­мейді. Өйтке­ні, ке­піл­дік­ке бе­ріл­ген зат, иесі­нің иелі­гін­де де­сек те қа­ла­ған уақы­тын­да қол­да­на ал­майды.

Са­тып алы­нып, әлі қо­лы­на тие қойма­ған затқа зе­кет бе­рі­ле­ді. Өйтке­ні, са­тып алын­ған заттың са­тып ал­ған адам­ның қо­лы­на тию пайызы ба­сы­мы­рақ.



[1] Уалий: оларға қарауға міндетті жақындары мен туған-туыстары.

[2] Әбу Дәәуд, Зекет, 5.

[3]Фатауий һиндия.

0 пікір