Зе­кет ғи­ба­да­ты­ның үкі­мі
Зе­кет ғи­ба­да­ты­ның үкі­мі
2 жыл бұрын 678
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Зе­кет ғи­ба­да­ты Ис­лам ді­нін­де­гі не­гіз­гі бес ғи­ба­дат­тың іші­нен орын теуіп, Һиж­рет­тің екін­ші жы­лы Ра­ма­зан ора­за­сы­нан кейін Шәууал айын­да па­рыз бол­ды.

 

Па­рыз­ды­ғы­ның дә­лел­де­рі

(Құ­ран Кә­рім, Сүн­нет, Иж­мағ)

 1.  Құ­ран-Кә­рім:

«На­маз оқың­дар, зе­кет бе­рің­дер…»[1] «Олар­дың кү­нә­ла­ры­нан та­за­ла­нып, мал­да­ры кө­бейіп бе­ре­кет­те­нуі үшін олар­дың (мұ­сыл­ман­дар­дың) мал­да­ры­нан са­да­қа (зе­кет) ал …»[2] «Шын мә­нін­де са­да­қа­лар (зе­кет­тер) ке­дей-кеп­шік­тік­тер­ге,тү­гі жоқ міс­кін­дер­ге, зе­кет­ті жи­науға та­ғайын­дал­ған адам­дар­ға, кө­ңіл­де­рі жі­бі­ті­луі мақ­сат етіл­ген­дер­ге (жа­ңа мұ­сыл­ман­дар­ға т.б.), құл­дар­ды азат ету­ге, қа­рыз­ға бат­қан­дар­ға, Аллаһ жо­лы­на жә­не қи­нал­ған жо­лаушы­лар­ға бе­рі­луі Аллаһ та­ра­пы­нан па­рыз етіл­ді».[3]

 

  1. 2.  Сүн­нет

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай де­ген:

«Ис­лам ді­ні бес не­гіз­ден тұ­ра­ды: Аллаһ­тан бас­қа тә­ңір жоқ екен­ді­гі­не жә­не Мұ­хам­мед­тің (с.а.у.) Аллаһ та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген ел­ші екен­ді­гі­не куә­лік кел­ті­ру, на­маз оқу, зе­кет бе­ру, Ра­ма­зан ора­за­сын ұс­тау, ша­ма­сы кел­се қа­жы­лық­қа ба­ру» [4]

3. Иж­мағ*

Жап­пай бар­лық Ис­лам ғұ­ла­ма, мүш­та­һит­те­рі зе­кет ғи­ба­да­ты­ның па­рыз­ды­ғы­на бірдей көз­қа­рас біл­дір­ген. Тіп­ті са­ха­ба­лар зе­кет­ті бер­мей­міз де­ген­дер­ге қар­сы со­ғыс ашу ке­рек де­ген пі­кір айт­қан.

Кім­де-кім зе­кет ғи­ба­да­ты­ның па­рыз­ды­ғын қа­был­да­ма­са, дін­нен шы­ға­ды. Ал, па­рыз­ды­ғын қа­был­дап орын­да­ма­са, кү­нә­кар бо­ла­ды.

 

Байлы­ғы­ның зе­ке­тін өте­ме­ген­дер­дің ақы­рет кү­ні тар­та­тын аза­бы

Қол­да­рын­да­ғы бай­лық­та­ры­ның зе­ке­тін бер­ме­ген адам­дар­дың ақы­рет­те тар­та­тын азап­та­ры­ның өте ауыр екен­ді­гі ту­ра­лы Әбу Һу­райрә Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) бы­лай деп айтқа­нын риуаят ете­ді:

«Зе­ке­тін бер­ме­ген адам­ның байлы­ғы ақы­рет кү­ні ірі жы­лан пі­шіні­не кі­ре­ді. Екі кө­зі­нің үс­тін­де (қор­қы­ныш­ты­лы­ғы­ның бел­гі­сі ре­тін­де) қап-қа­ра екі до­ма­лақ да­ғы бар. Осы жы­лан қия­мет кү­нін­де иесі­нің мойны­на ора­ла­ды. Со­сын аузы­мен иесі­нің екі жа­ғы­нан ұс­тап: «Мен се­нің дү­ниеде­гі (қат­ты жақ­сы көр­ген) байлы­ғың­мын, мен се­нің (жи­на­ған) қа­зы­наң­мын, – дейді. Со­сын Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) мы­на аят­ты оқы­ды: «Аллаһ­тың кең­ші­лі­гі­нен өз­де­рі­не бе­ріл­ген нәр­се­ле­рін (бас­қа­лар­ға бер­мей) са­раң­дық іс­те­ген­дер бұл іс­те­рін өз­де­рі­не қайыр­лы деп ойла­ма­сын. Жоқ, тіп­ті (бұл іс­те­рі) өз­де­рі үшін ең үл­кен жа­ман­дық. Ақы­рет кү­ні са­раң­дық жа­са­ған дү­ниеле­рі мойын­да­ры­на ора­ла­ды»[5] Бас­қа бір аят­та Аллаһ Та­ға­ла са­раң­дар­ды ақы­рет­тің күй­зел­ту­ші аза­бы­нан бы­лай деп ес­кер­те­ді:

«Ал­тын, кү­міс­ті жи­нап, оны Аллаһ­тың жо­лын­да жұм­са­ма­ған­дар­ды күй­зел­ту­ші азап­пен сүйін­ші­ле. Жи­нал­ған ал­тын мен кү­міс то­зақ отын­да қыз­ды­ры­лып, оны­мен маң­дайла­ры, қа­быр­ға­ла­ры жә­не ар­қа­ла­ры таң­ба­ла­на­тын қия­мет кү­ні олар­ға: «Мі­не, мы­нау – өз­де­рің үшін жи­ған дү­ниеле­рің. Ал ен­ді қа­не­ки, жи­на­ған­да­рың­ның дә­мін та­тың­дар!».[6]

 

Зе­кет­ті өте­ме­ген­дер­дің дү­ниеде­гі тар­та­тын жа­за­сы

Зе­кет­ті өте­ме­ген­дер бұл дү­ниеде жоқ­шы­лық пен аш­тық­қа кі­ріп­тар бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз бұл ту­ра­сын­да бы­лай дейді: «Зе­кет бер­ме­ген қауым­дар­ды Аллаһ Та­ға­ла мін­дет­ті түр­де жоқ­шы­лық пен аш­тық­қа ұшы­ра­та­ды». Бас­қа бір ха­ди­сін­де бы­лай дейді: «Бай­лық­та­ры­ның зе­ке­тін бер­ме­се, көк жаң­бы­ры­нан құр қа­ла­ды. Жан-жа­нуар бол­ма­ған­да олар­дың үс­ті­не жаң­быр жау­мас еді».



[1] Бақара сүресі, 34,83-аят.

[2] Тәубе сүресі, 103-аят.

[3] Тәубе сүресі, 60-аят.

[4] Тирмизи, Иман,36; Бухари, Иман,1; Муслим, Иман, 217.

* Ижмағ: Ислам ғұламаларының белгілі бір мәселенің үкімінде ортақ көзқараста болуы.

[5] Әли – Имран сүресі, 180-аят.

[6] Тәубе, 34-35.

0 пікір