Кәф­фа­рат түр­ле­рі
Кәф­фа­рат түр­ле­рі
2 жыл бұрын 544
Қайрат Жолдыбайұлы

Қа­те­ле­сіп, әдейі не­ме­се бі­реу­дің қинауы ар­қы­лы жа­сал­ған кей­бір кү­нә­лар­дың ке­ші­рі­луі үшін Ис­лам­да өтеу жол­да­ры­ның әр­бі­рі­не «кәф­фа­рат» де­лі­не­ді. Бұл – әрі ғи­ба­дат, әрі осы дү­ние­лік жа­за. Фиқ­һта бес түр­лі кәф­фа­рат бар.

 

1. Ора­за кәф­фа­ра­ты

Кім­де-кім Ра­ма­зан­да әдейі еш­қан­дай се­беп­сіз ора­за­сын бұз­са, оған кәф­фа­рат ре­тін­де бір құл­ды не­ме­се күң­ді азат етуі, егер оған ша­ма­сы жет­пе­се, екі ай қа­та­ры­нан ора­за ұс­тауы, егер бұ­ған да кү­ші жет­пе­се, ал­пыс жоқ-жі­тік­ті та­мақ­тан­ды­руы тиіс. Құ­ран­да бұл жайлы бы­лай де­лі­не­ді: «Бас­та­ған із­гі іс­те­рің­ді бұз­баң­дар»318. Пай­ғам­ба­ры­мыз бы­лай дейді: «Кім­де-кім Ра­ма­зан­да ора­за­сын бұз­са, оған зи­һар жа­са­ған адам­ға тиіс­ті (кәф­фа­рат) жүк­те­ле­ді». Бі­рақ Ра­ма­зан ора­за­сы­нан тыс ора­за­лар­ға тек қа­на қа­за ке­рек.

 

2. Қа­те­ле­сіп мұ­сыл­ман­ды өл­ті­ру­дің кәф­фа­ра­ты

Қа­те­ле­сіп бір мұ­сыл­ман­ды өл­тір­ген адам­ға «диәт» (құн) өтеу – уә­жіп. Мұ­ны­мен қо­са оған кәф­фа­рат өтеуі тиіс. Ол – бір құл­ды азат ету, оған ша­ма­сы жет­пе­се, екі ай бойы үз­бей ора­за ұс­тау. Құ­ран­да «Мұ­сыл­ман­ға мұ­сыл­ман­ды өл­ті­ру – жа­рас­пай­тын іс-әре­кет. Бі­рақ қа­те­ле­сіп өл­тір­се, бір мұ­сыл­ман құл­ды азат етуі әрі өл­ген адам­ның иесі­не құ­нын төлеуі тиіс»319де­лі­не­ді.

 

3. Зи­һар кәф­фа­ра­ты

Зи­һар – Ис­лам­нан бұ­рын­ғы дәуір­де араб әле­мін­де әйел­дер­ді та­лақ ету­дің бір жо­лы бо­ла­тын. Күйеуі әйе­лін та­лақ ет­кі­сі кел­се оған: «Сен ма­ған анам­ның ар­қа­сы се­кіл­ді­сің» не­ме­се «Сен ма­ған анам­дай­сың» дей­тін. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) за­ма­нын­да да бір са­ха­ба әйелі­не ашу­мен осы­лай айта­ды. Кейін­нен Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) мән-жайды тү­сін­ді­ріп, өзі­нің кә­рі әрі ба­ла-ша­ға­сы­на қа­рай­тын ша­ма­сы жоқ еке­нін баян ете­ді. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) сол кез­де бұл іс­тің үкі­мін сұ­рап, Аллаһ­қа дұ­ға ет­кен­де, мы­на аят тү­се­ді: «Ра­сын­да, Аллаһ ері жайын­да Аллаһ­қа ша­ғым ай­тып, се­ні­мен таласқан әйел­дің сө­зін ес­ті­ді. Аллаһ екеуі­нің сөй­лес­кен­де­рін де ес­ти­ді. Аллаһ – то­лық ес­ту­ші жә­не то­лық кө­ру­ші. Ей, иман ет­кен­дер! Сен­дер­ден жұ­байла­рын зи­һар ет­кен­дер­дің әйел­де­рі ана­ла­ры емес. Олар­дың ана­ла­ры өз­де­рін тап­қан­дар ға­на. Сөз­сіз олар те­ріс әрі жал­ған сөз сөй­лейді. Шы­нын­да, Аллаһ – аса ке­ші­рім­ді әрі ра­қым­ды. Жұ­байла­рын зи­һар ет­кен­дер, со­сын айт­қан сөз­де­рі­нен қайтса, әйелі­нен қо­сы­лу­дан бұ­рын бір құл азат етуі ке­рек. Мі­не, сен­дер­ге осы нұс­қау бе­ріл­ді. Аллаһ не іс­те­ген­де­рің­ді то­лық бі­ле­ді. Егер құл та­ба ал­ма­са, әйелі­не қо­сы­лу­дан бұ­рын тұ­тас екі ай ора­за ұс­та­сын. Оған да ша­ма­сы кел­ме­се, ал­пыс аш кі­сі­ні та­мақ­тан­дыр­сын. Бұл Аллаһ­қа жә­не Ел­ші­сі­не иман кел­ті­ру­ле­рің үшін. Сон­дай-ақ осы Аллаһ­тың шек­те­рі. Қар­сы бо­лу­шы­лар­ға жан түр­ші­гер­лік азап бар»320. Бір мұ­сыл­ман кәф­фа­рат ре­тін­де бір құл­ды бо­са­тып, егер оған ша­ма­сы жет­пе­се, екі ай қа­та­ры­нан ора­за ұс­тайды. Бі­рақ бір ер кі­сі әйелі­не «Сен ма­ған анам се­кіл­ді­сің не­ме­се ана­ма ұқ­сай­сың» деуі оның ниеті­не байла­ныс­ты. Егер әйелі­нің жақ­сы­лы­ғын айтқы­сы кел­се, оған еш нәр­се ке­рек емес. Зи­һар­ды мең­зе­ген бол­са, зи­һар үкі­мін орын­дайды. Та­лақ­ты мең­зе­ген бол­са, он­да «байин» та­лақ деп есеп­те­ле­ді. Ал егер еш­қан­дай ниеті жоқ бол­са, бұл сөз ай­тыл­ма­ған­дай бо­лып қа­ла бе­ре­ді.

 

4. Қа­жы­лық­та их­рам ке­зін­де шаш ал­ды­ру­дың кәффара­ты

Құ­ран­да қа­жы­лық­та их­рам ки­ген адам­дар үшін бел­гі­лі тыйым­дар қойыл­ған. Мі­не, их­рам ке­зін­де уақы­ты­нан бұ­рын шаш ал­дыр­мау – осы тыйым­дар­дың бі­рі. Сон­дық­тан их­рам ке­зін­де бір адам ба­сы­ның төр­ттен бі­рін не­ме­се одан кө­бін не са­қа­лы­ның төр­ттен бі­рін ал­дыр­са, жа­за ре­тін­де бір құр­бан ша­луы ке­рек. Төр­тте бі­рі­нен азын ал­дыр­са, са­да­қа бе­ру ке­рек. (То­лы­ғын қа­жы­лық бө­лі­мі­нен қа­ра­ңыз).

 

5. Ант кәф­фа­ра­ты

Аллаһ аты­мен бір нәр­се үшін ант етіп, кейін осы ан­тын бұз­ған адам­ға кәф­фа­рат ке­рек. Бұл – бір құл­ды азат ету не­ме­се он жоқ-жі­тік­тің бір күн­дік азы­ғын бе­ру не­ме­се он жоқ-жі­тік­ті ор­та­ша киім­мен киін­ді­ру. Егер де бұ­лар­дың еш­бі­рі­не кү­ші жет­пе­се, үш күн қа­тар ора­за ұс­тау ке­рек. Ора­за­сын то­лық ұс­тай ал­ма­ған кез­де қайта ба­сы­нан ұс­тау ке­рек. Құ­ран­да: «Аллаһ антта­рың­да­ғы бос сөз­ді есеп­ке ал­майды. Алайда, бі­ле тұ­ра бер­ген антта­рың­нан жауап­кер етер. (Ант бұз­саң­дар) оның төлеуі: Үй-іш­те­рі­ңе ор­та есеп­пен же­гі­зе­тін он жар­лы­ны та­мақ­тан­ды­ру не олар­ды киін­ді­ру не­ме­се бір құл азат ету. Мұ­ны тап­па­ған бі­реу үш күн ора­за ұс­тау»321 – де­лін­ген. Ант кәф­фа­ра­ты үшін он ке­дейге пі­тір са­да­қа­сы өл­ше­мін­де бір нәр­се­лер бе­ру­ге бо­ла­ты­ны сияқ­ты, бір ке­дейге он күн бе­ру­ге де бо­ла­ды. Со­ны­мен қа­тар, бір ке­дейге он күн киім бе­ру­ге де бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Кім­де-кім бір нәр­се үшін ант етіп, кейін одан жақ­сы­сын көр­се, ан­тын бұ­зып, кәф­фа­рат бер­сін»322.



318 Мұхаммед, 47/33.

319 Ниса, 4/92

320 Мүжаделе, 58/1-4.

321 Маида. 5/89.

322 Муслим, Иман, 15-16.

0 пікір