Ора­за ұс­тай ал­май­тын­дар­дың жағ­дайы..*.
Ора­за ұс­тай ал­май­тын­дар­дың жағ­дайы..*.
9 жыл бұрын 2757
Қайрат Жолдыбайұлы

Ора­за ұс­тауға ша­ма­сы кел­ме­ген жан­дар­ға фидия бе­ру – уә­жіп. Бұ­лар ауру­ла­ры­ның айығуы үміт етіл­ме­ген жан­дар мен ора­за ұс­тауға ша­ма­сы жет­пе­ген қарт кі­сі­лер. Олар ора­за­ның ор­ны­на әр­бір кү­ні үшін бір ке­дейді та­мақ­тан­ды­ра­ды. Фидияны ақ­ша­лай бе­руге де болады. Бір ке­дейді отыз күн  таң­да жә­не кеш­ке та­мақ­тан­ды­ру не­ме­се ал­пыс ке­дейді бір күн таңер­тең яки кеш­ке та­мақ­тан­ды­ру жет­кі­лік­ті. Құ­ран­да Аллаһ Та­ға­ла «Ора­за ұс­тауға ша­ма­сы кел­мей­тін­дер бір жар­лы­ның та­ма­ғын тө­ле­сін»,315 – дейді. Ибн Аб­бас бұл аят жайлы бы­лай дейді: «Аят – кә­рі адам­дар үшін түс­кен. Ора­за­ны өтеу – па­рыз». Де­ген­мен, кей­бір қа­рия­лар жоқ-жі­тік­ті та­мақ­тан­ды­ру­ға ша­ма­сы кел­ме­се, Аллаһ­тан ке­ші­рім ті­лейді. «Аллаһ адам­ға кө­те­ре ал­май­тын жүк­ті бер­мейді»316.

Сол се­кіл­ді жа­зыл­май­тын нау­қас­қа да фидияның уә­жіп бол­ға­ны жайлы Ис­лам фа­қиһ­те­рі ара­сын­да ауыз­бір­лік бар. Мұн­дай адам­ға ора­за ұс­тау па­рыз емес. Оған мына аят дә­лел: «Аллаһ сен­дер­ге дін­де қиын­шы­лық жа­са­ған емес»317.



* Ескерту: Құрметті оқырман! Кемелдік қашанда Ұлы Жаратқанға ғана тән қасиет қой. Бұл кітаптың бірінші және екінші басылымында қателікпен рамазан оразасын ұстай алмайтындардың беретін фидия мөлшерінің орнына рамазан оразасын әдейі бұзған жандардың кәффарат ретінде беретін фидия мөлшері беріліп кеткен. Біз бұл қателігімізді осы басылымда ғана байқап жөндедік. Ол үшін оқырмандарымыздан кешірім өтінеміз.

 

315 Бақара, 2/184.

316 Бақара, 2/186.3

317 Хаж, 22/78.

0 пікір