Тәш­риқ тәк­бі­рі
Тәш­риқ тәк­бі­рі
2 жыл бұрын 455
Қайрат Жолдыбайұлы

Құр­бан айт­тың ал­дын­да­ғы күн­ді «Ара­фа кү­ні» деп атайды. Бұл – Зил­хиж­жа­ның то­ғы­зын­шы кү­ні. Ара­фа кү­ні­нің таң на­ма­зы­ның па­ры­зы­нан кейін, құр­бан айт­тың төр­тін­ші кү­ні­нің на­маз­ды­гер уақы­ты­на дейін­гі айты­ла­тын тәк­бір­ді – «Тәш­риқ тәк­бі­рі» дейді 237.

Ол бы­лай айты­ла­ды:

{أللهُُ أكْبَرُ,أللهُُ أكْبَرُ, لا إلَهَ إلاَّ اللهُ وَاللهُ أكْبَرُ,أللهُ أكْبَرُ وَلِلَّهِ الْحَمْدُ}

«Аллаһу әк­бар, Аллаһу әк­бар, лә илә­һә ил­лАллаһу уАллаһу әк­бар, Аллаһу әк­бар уа лил­ла­һил-хамд». Ма­ғы­на­сы: «Аллаһ ұлық (2 рет), Аллаһ­тан бас­қа тә­ңір­лер жоқ! Аллаһ ұлық (2 рет), Бар­лық ма­дақ­тар мен мақ­тау­лар тек Аллаһ­қа тән».

Әбу Юсуп пен Имам Мұ­хам­мед бойын­ша, па­рыз на­ма­зы мін­дет­ті адам­ға тәк­бір айту – уә­жіп. Яғ­ни, же­ке на­маз оқы­ған адам, жо­лаушы, тұр­ғын, ауыл­да, қа­ла­да тұр­ған ер, әйел­дің бә­рі­не бір­дей ор­тақ. Бі­рақ Әбу Ха­ни­фа бойын­ша, тәш­риқ тәк­бі­рі уә­жіп бо­лу үшін адам­ның тұр­ғын, азат, ер кі­сі жә­не бұл тәк­бір­дің айты­лу тиіс на­маз­дың жа­ма­ғат­пен оқыл­ған па­рыз на­маз бо­луы ке­рек. Сол се­беп­ті жо­лаушы, тұт­қын, әйел жә­не же­ке ба­сы на­маз оқы­ған жан­ға тәк­бір уә­жіп емес. Бі­рақ бұ­лар имам­мен бір­ге на­маз оқы­са, жа­ма­ғат­пен бір­ге тәк­бір айта­ды. Жұ­ма мен айт на­маз­да­ры оқыл­май­тын кі­ші ауыл­дар­да тәш­риқ тәк­бі­рі ай­тыл­майды. Айт күн­де­рі мұ­сыл­ман­дар­дың бір-бір­ле­рін құ­тық­таула­ры, бір-бір­ле­рі­мен қол алы­сып, дұ­ға ету­ле­рі – мән­дүп.

237 Тәшриқ (сөздікте) – еттерді бөліп, күннің астына қою деген мағынаны білдіреді. Құрбан айтта құрбандық бөліп таратылатындықтан осылай атаған.

0 пікір