Айт на­ма­зы­ның тәк­бір­ле­рі­не ке­ші­гіп қал­ған жағ­дайда...
Айт на­ма­зы­ның тәк­бір­ле­рі­не ке­ші­гіп қал­ған жағ­дайда...
9 жыл бұрын 3309
Қайрат Жолдыбайұлы

Айт на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы рә­ка­ты­на қо­сым­ша тәк­бір­лер ай­тыл­ған соң үл­ге­ріп имам­ға ұйы­ған адам иф­ти­тах тәк­бір­ді ал­ған­нан кейін, «Суб­ха­на­ка­ны» оқы­май де­реу қо­сым­ша тәк­бір­лер­ді ала­ды. Егер имам рү­күғ­те тұр­ған кез­де үл­гер­се, де­реу түрегеп тұрған күйі тәк­бір алып, рү­күғ­ке ба­ра­ды. Рү­күғ­те­гі тас­бих­тер­дің ор­ны­на қо­сым­ша тәк­бір­лер­ді қол­да­рын кө­тер­мей сол жер­де айта­ды. Егер үл­ге­ре ал­ма­са, еш­те­ңе ке­рек емес. Егер имам­ға екін­ші рә­кат­та үл­гер­се, имам сә­лем бер­ген­нен кейін, оқи ал­ма­ған рә­кат­ты қа­за ету үшін қиям­ға бар­ған­да қо­сым­ша тәк­бір­лер­ді «Фа­ти­ха» жә­не қо­сым­ша сү­ре­ден кейін құ­пия ала­ды.

Айт на­ма­зы­на үл­ге­ре ал­ма­ған адам же­ке өзі айт на­ма­зын оқи ал­майды. Қа­ла­са төрт рә­кат на­маз оқи­ды. Бұл да сәс­ке на­ма­зы­ның ор­ны­на жа­та­ды.

Құр­бан на­ма­зын ке­шік­тір­мей, ал, Ра­ма­зан айт на­ма­зын аз­дап ке­шік­ті­ру – сүн­нет. Ра­ма­зан айтта айт на­ма­зы­нан бұ­рын құр­ма се­кіл­ді бір нәр­се жеу, Құр­бан ай­тын­да бол­са, айт на­ма­зы оқыл­май тұ­рып еш­те­ңе же­меу – мұс­та­хап. Бу­рәйда (р.а.) бы­лай дейді; «Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) Ра­ма­зан ай­тын­да дәм тат­пай үй­ден шық­пай­тын. Ал құр­бан ай­тын­да на­маз оқы­ған­ға дейін еш нәр­се же­мей­тін»236.

236 Ахмед ибн Ханбәл, ІІІ, 232.

0 пікір