ДІН
ДІН
2 жыл бұрын 993

Адам­зат та­ри­хы­на көз сал­сақ, ықы­лым за­ман­нан бе­рі дін­сіз өмір сүр­ме­ге­нін байқай­мыз. Адам же­ке тұл­ға ре­тін­де де, қо­ғам­дық тұр­ғы­дан да дін­ге мұқ­таж. Өйтке­ні, дін­ге де­ген се­нім оның та­би­ға­ты мен жа­ра­ты­лы­сын­да бар. Туа біт­кен қа­сиет. Дін – оның мы­на қал­та­рыс-бұл­та­ры­сы мың сан қа­бат ғұ­мы­рын­да ар­қа сүйер ті­ре­гі, сар­қы­рап ақ­қан өмір-өзен­де­гі қайығы­ның діт­те­ген мақ­са­ты­на апа­рар ес­ке­гі мен жөн көр­се­тер те­мір­қа­зы­ғы.

Же­ті қа­бат­тан тұ­ра­тын ға­ла­мат әлем­ге бір сәт көз са­лайық­шы! Нет­кен ға­жап жа­ра­тыл­ған?! Қан­дай тіл жет­пес жүйе құ­рыл­ған?! Осы әлем­де адам­нан бас­қа әр­бір жа­ра­ты­лыс өз қыз­ме­тін қал­тқы­сыз ат­қа­рып, ты­ныс-тір­ші­лі­гін жа­сауда. Ал­дын ала ке­лі­сіп қой­ған­дай бі­рі­гіп, жұ­мы­ла кі­рі­сіп, әлем­нің те­пе-тең­ді­гін сақ­тап, жағ­дай жа­сап, со­ған ба­ғы­ну­да. Ал адам ба­ла­сы осы­нау же­ті қа­бат әлем өзі­не ба­ғын­са да ба­қыт­ты емес. Ол ұзақ уа­қыт бойы ойла­нып, бұл ғұ­мыр­ға не­ге кел­ге­нін, қайда ба­ра­ты­нын та­ба ал­мауда. Мы­на әлем­нің өзі­не не үшін ба­ғы­на­ты­нын, өзі­нің кім еке­нін ұға ал­май жүр. Кейде ол өзі­нің дү­ниеде­гі жал­ғыз ақыл-ой иесі еке­нін аң­ғар­са да, жақ­сы ғұ­мыр сү­ре ал­май жүр. Құс екеш құс­тың ұясы қа­ра­ған жан­ды там­сан­дыр­са, ал адам өз бас­па­на­сын әзер са­лу­да.

Адам – әлем­де бір­ден-бір са­на­лы жан. Бі­рақ зор тауқы­мет­ті де сол са­на­дан көр­ді. Өйтке­ні, са­на­сы өзін қа­шан да сұ­рақ қойып ма­за­ла­са да, бі­рақ ­жау­ап бе­ре ал­май­тын. Әлем­де­гі әр­кім­нің өз қыз­ме­ті мен мақ­са­ты бар. Бә­рі­нің мақ­са­ты – адам­ға қыз­мет ету. Бі­рақ адам ба­ла­сы­ның мақ­са­ты не бол­мақ? Әсі­ре­се, оның жа­нын қат­ты қи­найты­ны өлім. Өлім­ді ойлай бас­та­ған­да жү­ре­гі­нің те­рең тү­кпі­рін­де­гі мәң­гі­лік өмір­ге де­ген се­зім, бейне бір жа­нар­таудай ат­қы­лап, тұ­ла бойын өр­тейді. Ол са­на­лы бо­ла тұ­рып, кө­бі­не­се жақ­сы мен жа­ман­ды айыра ал­мауда. Бү­гін жақ­сы де­ге­ні ер­тең жа­ман, ал жа­ман де­ге­ні, жақ­сы бо­лып шы­ғу­да. Жа­нын ең қат­ты қи­на­ға­ны, ақыл иесі бо­ла тұ­ра, қау­қар­сыз, әл­жу­аз­ды­ғы. Кейде ­жау­ын­нан қа­шып, жа­пы­рақ­ты та­са­ла­ған кө­гер­шін­ге кө­зі тү­сіп, бұл да ғұ­мыр­дың зар­да­бы­нан қа­шып, құ­ді­рет­ті бір күш­ті па­на­лап, бой жа­сыр­ғы­сы ке­ле­ді. Әлем­нің жал­ғыз Жа­ра­ту­шы­сы бар екен­ді­гін тап­са да, оны та­ни ал­мауда.

Адам ба­ла­сы­ның хал-күйі осы­лай. Сон­дық­тан, ол ше­ше ал­ма­ған жұм­бақ­тың ­жауа­бын дін­нен ға­на та­ба­ды. Ол дін ила­һи (құ­дайы­лық) бо­луы ке­рек. Яғ­ни, дін – өзі мен жал­пы жа­ра­ты­лыс­ты жоқ­тан жа­рат­қан ­Ұлы Жа­ра­ту­шы­дан ке­луі лә­зім. Өйтке­ні, адам­ның ба­қыт­ты өмір сү­ру жол­да­ры ­Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға ға­на аян. Әр­кім өзі­нің жа­са­ға­нын жақ­сы біл­мек. Сол се­кіл­ді адам да өзін-өзі жа­са­ма­ға­ны бел­гі­лі. Оны өзі­не қыз­мет ет­кен та­би­ғат-әлем де жа­сауы мүм­кін емес. Ен­де­ше, оны жа­ра­ты­лыс­тан тыс бі­реу жа­рат­қан. ­Ұлы Жа­ра­ту­шы! Олай бол­са, адам­ға не ке­рек еке­нін, қай­дан кел­ге­нін, қайда ба­ра­ты­нын жә­не бойын­да­ғы шек­сіз се­зім­дер мен қа­бі­лет­тер­ді қа­лай пайда­ла­ну ке­рек­ті­гін де бір Аллаһ Та­ға­ла ға­на бі­ле­ді. Өйтке­ні, Ол – Жа­ра­ту­шы. Аса қа­дір­лі қо­на­ғы­на ар­нап же­ті қа­бат са­рай са­лып ша­қыр­ған Сол. Жер-жү­зін үл­кен дас­тар­қан етіп, оны жүз мың­нан ас­там тәт­ті та­ғам­дар­мен тол­ты­рып, қо­на­ғы­на дәм та­тыр­ған Сол. Жан-жа­ну­ар мен құс атаулы­ны қыз­мет­ші қы­лып, күн­ді шы­рақ, жер­ді пы­рақ ет­кен Сол. Ен­де­ше, адам­ның нен­дей мақ­сат­пен ша­қы­рыл­ға­нын, діт­те­ген мұ­ра­ты мен мәң­гі­лік ба­қы­тын бі­ле­тін де Сол. Сон­дық­тан, ­Ұлы Жа­ра­ту­шы өзі­нің қа­дір­лі қо­на­ғын елемей-ескермеуі әс­те мүм­кін емес. Ол сол ха­ба­рын ел­ші­сі ар­қы­лы біл­дір­мек. Мі­не, сол ел­ші­сі әкел­ген ха­бар­ды біз «дін» дей­міз.

Адам ба­ла­сы қа­шан да дін­ге зә­ру. Осы илә­һи ха­бар­дан қа­лып қой­ған әр­бір адам жа­ра­ты­лы­сын­да­ғы осы бір қа­жет­ті­лік­ті өз­ге жа­сан­ды ді­ни-се­нім­дер­мен тол­ты­ра­ды. Бұл күн­ге дейін дінсіз қо­ғам яки же­ке тұл­ға кез­дес­кен жоқ. ­Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға сен­бе­ген адам, әй­теуір бір өзге нәр­се­ні өзі­не ме­дет тұ­та­ды. Ол ағаш, тас, ай, күн, тіп­ті өзі­нің нәп­сі­сі бо­луы да мүм­кін. Бі­рақ ақи­қат бір-ақ нәр­се. Ол – ­Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға бас име­ген жан­ның сан­сыз пұт­тар­ға бас июі. Атеис­тік те – жал­ған дін. Құ­дай­сыз­дар ал­ды­мен атал­мыш идеяны жа­са­ған­дар­ға, со­дан кейін нәп­сі­сі­не та­бы­на­ды. Ібі­ліс те әуел­де ­Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға мойынсұн­ған еді. Кейін­нен Ха­зі­ре­ті Адам­ға сәж­де ету әмі­рі­не қар­сы шы­ғып, тәкаппарлыққа басып, со­дан бе­рі өз нәп­сі­сі­не құлдық ұрумен ке­ле­ді.

Адам ба­ла­сы ­Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға бас игенде ға­на пұт атаулы­дан ада бо­лып азат­тық­қа же­те­ді. Иман ет­кен адам­ның бо­дан­дық­тан құ­ты­лып, бос­тан­дық­қа же­туінің сы­ры осын­да жа­тыр. Өйтке­ні, Аллаһ Та­ға­ла – иман­ды­ның ­до­сы. Әлем­нің ­Ұлы Иесі­мен дос бол­ған жан кім­нен қо­рық­сын?! Жү­ре­гін­де­гі бұ­рын­ғы қор­қы­ны­шын До­сы­ның ­ұлы­лы­ғы мен Оған де­ген қа­сиет­ті се­зім ба­са­ры шү­бә­сіз ғой.

Дін­ге адам әр­қа­шан мұқ­таж. Адам­да жан мен тән бар. Тән­ге не қа­жет­ті­гі анық. Ал рух­қа не қа­жет? Оның азы­ғы не? Ру­ха­ни бай­лық­қа ке­нел­ме­ген кі­сі төрт тү­лі­гі сай кел­се де, ба­қыт­ты бо­ла ал­майды. Алайда, рух-әле­мі шұ­ғы­ла­ға оран­ған са­на иесі­нің ша­ңы­ра­ғы­нан су өт­се де, та­ба­ны­нан сыз өт­пейді. Пен­де­нің ру­ха­ни байлы­ғы – ­Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға иман ету. Ру­хы сон­да ға­на жай ­тау­ып, ар­на­сы­мен аға­ды. Иман – Аллаһ Та­ға­ла­ға ғи­ба­дат. Рух ғи­ба­дат­қа кі­ріп­тар. Ол – оның да­ра азы­ғы.

Әрі рух­тың бұл дү­ниемен шек­тел­гі­сі кел­мей­тін шек­сіз қа­лауы бар. Мәң­гі-ба­қи ба­қыт­ты ғұ­мыр кеш­кі­сі ке­ле­ді. Шек­сіз­дік­ті қа­лайды. Аллаһ Та­ға­ла мен ақы­рет­ке иман ету­мен ға­на кө­ңі­лі­не жұ­ба­ныш та­ба­ды.

Адам өмі­рі – кү­рес. Ол мұн­да өмір­дің жал-жал тол­қын­да­рын бұ­зып-жа­рып, өзі­нің кім екен­ді­гін көр­се­ту үшін кел­ген. Бі­рақ ол кейде көк­се­ген мұ­ра­ты­на же­ту жо­лын­да қат­ты шар­шап-шал­ды­ғып, ал­да­ғы үміт отын сөн­ді­ру қаупі­не ұшы­рап, өзі­нің қау­қар­сыз­ды­ғын аң­ға­ра­ды. Ал­ды­нан қа­ма­лап тос­қау­ыл­дар шық­қан­да қа­шан да кө­мек көр­се­те­тін ­Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға құл бо­лып, иман ет­кен жан ға­на үмі­тін жо­ғал­тпай ал­ға ба­сып, кө­кі­ре­гін дауыл­ға қар­сы то­сып, ­Ұлы Иесі­нің мұ­ны бір сәт­те қа­рау­сыз яки жал­ғыз тас­та­майты­ны­на бек се­не­ді. Ол өзі кө­те­ре ала­тын ауыр сын ар­қы­лы жа­қын дос­ты­ғын анық­тап жат­қа­нын бі­ле­ді. Ұлы Жаратушы адам­ның сы­на­ла­ты­нын өз ел­ші­сі ар­қы­лы біл­дір­ген.

Адам­зат­тың өмір­ге кел­ген мақ­са­ты екі нәр­се­ден тұ­ра­ды: Аллаһ Та­ға­ла­ға иман етіп, бер­ген мол бе­ре­ке­сі­не шү­кір­лік етіп, ал­ғыс айту. Со­сын Аллаһ Та­ға­ла қа­сиет­ті ха­дис­те* бы­лай дейді: «Мен бір құ­пия қа­зы­на едім. Та­ны­сын деп әлем­ді жа­рат­тым». Әлем – Оның си­пат­та­ры­ның айна­сы. Ал адам – да­ра айна. Сон­дық­тан, адам­ның мақ­са­ты – Аллаһ Та­ға­ла­ның күл­лі си­пат­та­рын та­нып, оны әлем­ге паш ету. Бұл екеуі ғи­ба­дат­ты құ­райды.

Адам­зат Аллаһ Та­ға­ла­ға не­лік­тен ғи­ба­дат жа­сайды? Бі­рін­ші­ден, ­Ұлы Аллаһ «ғи­ба­дат ет» деп әмір ет­ке­ні үшін. Екін­ші­ден, Оның ри­за­лы­ғын алу. Үшін­ші­ден, жо­ға­ры­да ай­тыл­ған­дай, адам ру­хы­ның азы­ғы – Аллаһ Та­ға­ла­ға ғи­ба­дат ету. Әри­не, Аллаһ ғи­ба­дат­қа мұқ­таж емес. Ке­рі­сін­ше, біз мұқ­таж­быз. Оған құл­шы­лық ет­кен­де ға­на адам­ның жан-са­райы жай ­тау­ып, ру­хы кө­гіл­дір көк­тем­ге айна­ла­ды.

Адам дін­сіз өмір сү­ре ал­майды. Сол дін­нің қай­нар кө­зі – ила­һи бо­луы лә­зім. Шынайы дін ға­на адам­ды нұр­ға бө­лейді. Жал­ған дін жү­рек­ті қа­раң­ғы­лық­тың қа­ра шә­лі­сі­мен тұн­шық­ты­ра­ды.

Сөз түйіні, на­ғыз дін – ақыл иеле­рін өз ерік­те­рі­мен із­гі­лік пен ту­ра­лық­қа жет­кі­зе­тін илә­һи заң­дар жиын­ты­ғы.



* Қа­си­ет­ті ха­дис: Ма­ғы­на­сы Ал­лаһ­тыкі, сө­зі Пай­ғам­бар­ді­кі.

0 пікір