Гүлдер әлемі
Гүлдер әлемі
3 жыл бұрын 6296

Не­ше түр­лі гүл, жа­пы­рақ,

Әрбі­реуін қо­лы­ңа ал.

Құ­ры кө­ріп қой­ма бі­рақ,

Он­да не бар ой­ға сал.

Шә­кә­рім

 

Бақ­ша­мыз­да өсе­тін са­ры-қы­зыл, түр­лі-түс­ті, сан алуан хош иі­сін аң­қы­тып, адам ба­ла­сын өзі­не там­сан­ды­рып қа­рат­пай қой­май­тын гүл­дер­ге бір рет бол­са да ойлана-тол­ға­на, ғиб­рат кө­зі­мен қа­рай­ық­шы.

Иә, гүл­дер кіш­ке­не түйір дән­нен жер қой­науын жа­ра шы­ғып, бұл дү­ниеге ке­ле­ді. Са­ба­ғы мен жа­пы­ра­ғы жа­сыл тар­тып, гү­лі шоқ­тай бо­лып мың бір түр­лі рең­мен бояна­ды. Үл­бі­ре­ген нә­зік­ті­гі­не, адам ба­ла­сы­ның қиялы­на ке­ле бер­мей­тін әр түр­лі ою-өр­не­гі­не, он­да­ғы көр­кем эс­те­ти­ка­ға, мүлтіксіз сим­мет­риялы ға­жай­ып фор­ма­сы­на, аң­қы­ған сан алуан жұ­пар иісі­не, қауыр­сы­нын­да­ғы өмі­рін жал­ғас­ты­рар мұ­ра­ге­рі – ұры­ғы­на қа­ра­ңыз­шы... Қан­дай ға­жап?! Неткен әде­мі­лік? Жер­ге қа­ра­ңыз­шы, гүл­дер­де­гі сан алуан, түр­лі-түс­ті рең­дер­ді кө­ре аласыз ба? Гүл­дер­ден аң­қи­тын, бір-бі­рі­не ұқ­са­май­тын әр түр­лі жұ­пар иіс­ті то­пы­рақ­тан иіс­кеп се­зе ала­сыз ба?

Жер бе­тін­де­гі жай­қал­ған бар­лық гүл атау­лы­ның нәр қой­науы са­на­ла­тын то­пы­ра­ғы, ай­ма­ла­ған күн сәуле­сі, іше­тін су­ла­ры мен жұ­та­тын ауала­ры бір­дей бол­ға­ны­мен, бі­рақ өз­де­рі әр түр­лі, сан алуан. Бұл таң­ға­лар­лық нәр­се­ге таң­ғал­май, қо­лы­мыз­бен жа­са­ған пласт­мас гүл­дер­ге таң қа­лай­ық па? Бұл да кез­дей­соқ­тық па, жоқ, әл­де құ­ді­ре­ті күш­ті Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның біз­ге ұсын­ған сыйы ма? Егер мұ­ны да кез­дей­соқ­тық­тың тү­сі­нік­сіз кез­дей­соқ­ты­ғы жаса­ды де­сек, сол кез­дей­соқ­тың жа­са­ға­нын адам ба­ла­сы ақы­лы­мен асып тү­сіп, одан да ке­ре­ме­тін жа­сауы ке­рек еді ғой. Өйтке­ні ақыл кез­дей­соқ­тық­тан әл­де­қай­да үс­тем емес пе? Бі­рақ, адам ба­ла­сы осы күн­ге дейін нә­зік­тік­тен ма­құ­рым, қо­қай­ып, қа­тып қал­ған, өніп-өс­пей­тін жан­сыз, жа­сан­ды пласт­мас гүл­дер­ден асы­рып, ар­тық еш­нәр­се жасай ал­ма­ды, жа­сауы да мүм­кін емес!

Кез­дей­соқ­тың жа­са­ды де­ген нәр­се­ле­рін ла­бо­ра­то­рияда түр­лі-түр­лі құ­рал­дар­дың кө­ме­гі­мен ақыл иесі – адам ба­ла­сы жа­сай ал­ма­са, ой­лап қа­рай­ық­шы, ақыл­сыз кез­дей­соқ­тық қа­лай жа­са­мақ?! Олай бол­са, бар­лық жараты­лыс­ты, адам­ның ақы­лын да жа­рат­қан тыл­сым құді­рет – Ұлы Алла жа­рат­қан деп мой­ын­дау ақыл­дының жо­лы бол­са ке­рек.

0 пікір