Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
10 жыл бұрын 28176

Жер ша­ры­ның өз-өзін жә­не Күн­ді ай­на­луынан күн­діз бен түн жә­не жыл­дың төрт мез­гі­лі жаз, күз, қыс, көк­тем бо­лып ал­ма-ке­зек үз­дік­сіз өз­ге­ріп тұ­ра­ты­ны бә­рі­міз­ге мә­лім. Жаз­дың қай­на­ған ап­тап ыс­ты­ғы­нан кейін де­реу қыс­тың қа­қа­ған аязы мен ыс­қыр­ған бо­ра­ны бол­май­ды. Екі мез­гіл­дің ор­та­сын­да күз ат­ты қо­ңыр сал­қын мез­гіл бар. Мі­не, осы күз мез­гі­лі­нің ар­қа­сын­да адам­дар­дың жаз­дың жы­лы ауа-рай­ына үй­ре­ніп қал­ған ағ­за­ла­ры біртін­деп қыс­тың қа­қа­ған суығы­на бой үй­ре­те­ді. Сол сияқ­ты қыс­тың қа­қа­ған аязы­нан кейін ауа райы күрт өз­ге­ріп, де­реу көк­тем­сіз жаз бол­ған­да қан­дай күй­де бо­лар едік? Бәл­кім, ағ­за­ла­ры­мыз күрт өз­ге­ріс­ке дай­ын бол­ма­ған­дық­тан бә­рі­міз жап­пай ауру­ға шал­ды­ғар ма едік? Ендеше, жыл мез­гіл­де­рін­де­гі осын­дай ке­ре­мет рет пен үйлесім­дік­ті жә­не Жер ша­ры­ның ай­на­лу­ын­да­ғы дәл­ме-дәл есеп­ті қой­ған кім?

0 пікір