Эволюция – ғылым емес, алдау
Эволюция – ғылым емес, алдау
10 жыл бұрын 4962

Эво­лю­ционер­лер май­мыл­дың адам­ға ай­на­лу ке­зеңін­де­гі «ара­лық түр» жар­ты­лай май­мыл, жар­ты­лай адам­ның бол­ған­ды­ғын дә­лел­дей­тін сүйек­ қаңқаларын та­ба ал­ма­ған­дық­тан, бұл проб­ле­ма­ла­рын май­мыл мен адам­ның сүйек­те­рін құ­рас­ты­ру ар­қы­лы ше­шу­ге бел бай­ла­ған.

Атақ­ты док­тор, ес­кі сүйек­тер­ді зерт­теу­ші Чар­льз Доу­сон 1912 жы­лы: «Анг­лияда­ғы Пилт­даун деп ата­ла­тын жер­дің ма­ңай­ын­да­ғы бір шұң­қыр­дан бір жақ сүйек пен бас сүйек тауып ал­дым» деп әлем­ге жар са­ла­ды. Жақ сүйек май­мыл­ді­кі­не ұқ­са­ға­ны­мен, бас сүйегі мен тіс­те­рі адам­ді­кі­не ұқ­сай­тын бұл сүйек­тер­ге 500 мың жыл­дық жас бе­ріл­ді. Сөй­тіп «Пилт­даун» деп атал­ған бұл сүйек­тер­ді әр түр­лі мұ­ра­жай­лар­ға қой­ып, адам­ның май­мыл­дан са­ты­лай да­му жо­лы ар­қы­лы пай­да бол­ға­нын растайтын нақ­ты дә­лел ре­тін­де қол­дан­ды. Бұл сүйек­ке бай­ла­ныс­ты 40 жыл­дам ас­там уа­қыт ғы­лы­ми ма­қа­ла­лар жа­зы­лып, су­рет­тер сы­зыл­ды. Әлем­де­гі әр түр­лі уни­вер­си­тет­тер­ден 500-ге жуық док­тор­лық ең­бек қор­ғал­ды. Алай­да, 1949 жы­лы Кен­нет Ок­ли ат­ты ға­лым сүйектердің нақ­ты жа­сын анық­тай­тын «Flor test» тә­сі­лі арқылы «Пилт­даун ада­мы­н» да зерттеп көрді. Нә­ти­же өте таң­ға­лар­лық, бір сөз­бен айт­қан­да, мас­қа­ра! «Пилт­даун ада­мы­ның» сүйек­те­рі адам мен май­мыл­дың сүйек­те­рін өте ше­бер­лік­пен құ­рас­ты­ру ар­қы­лы жа­сал­ған­ды­ғы әш­ке­ре­лен­ді. 500 жыл бұ­рын өмір сүр­ген адам­ның бас сүйегі­не 60 жыл бұ­рын өмір сүр­ген Оран­гу­тан май­мы­лы­ның жақ сүйегі, жақ сүйегі­не адам­ның тіс­те­рі жа­сан­ды түр­де өте ше­бер­лік­пен ор­на­тыл­ған­ды­ғы анық­тал­ды. Сүйек­тер­дің жа­ны­нан табыл­ды де­лін­ген құ­рал­дар­дың қол­дан жа­сал­ға­ны да бел­гі­лі бол­ды. Осы­дан кейін ға­на 40 жыл­дай Бри­тан мұра­жай­ын­да тұр­ған бұл құ­рас­ты­рыл­ған сүйек де­реу шы­ға­ры­лып тас­тал­ды. Иә, өз мақ­сат­та­рын дә­лелдеу үшін осын­дай ай­ла, қу­лық­тар­ға жү­гін­ген ға­лым­сы­мақ­тар­дың қан­дай дә­лел­де­рі­не се­ну­ге бо­ла­ды?[1]

[1] Гер­че­ге дог­ру жур­на­лы № 13, 10-бет. Гуф­ран Койун­су. 1996 ж. 

0 пікір