Өмір дегеніміз қырқыс, күрес пе?
Өмір дегеніміз қырқыс, күрес пе?
3 жыл бұрын 1940

Дар­ви­низм пі­кі­рін қол­дай­тын­дар­дың ұ­стана­тын екін­ші не­гіз­де­рі: «Жан-жа­ну­ар­лар мен өсім­дік әлемі тір­ші­лік үшін үлкен кү­рес жүр­гі­зіп, бір-бі­рі­мен қыр­қы­су­да. Өмір үшін жүр­гі­зіл­ген бұл күрес­те ең күш­ті­ле­рі ғана ті­рі қа­лып, ал әл­сіз­де­рі­нің тұ­қы­мы құ­рып, жойылуда. Ті­рі қал­ған­дар­дың ұр­пақ­та­ры кө­бейіп, уа­қыт оз­ған сай­ын бір түр­ден екін­ші түр­ге ауы­сып, өз­ге­ре­ді. Бұл өз­ге­ріс­тер жа­ңа ұрпақ­тар­ға да өту­де».

Олар­дың айт­қа­нын­дай, егер әр жан иесі тір­ші­лік үшін бас­қа жан иеле­рі­мен үне­мі қыр­қыс, кү­рес үс­тін­де бол­са, ана­лар­дың ба­ла­ла­ры­на де­ген мейі­рім­ді­лі­гін, ақыл­сыз тауық сияқ­ты құс­тар­дың ба­ла­пан­да­рын құт­қа­ру үшін жырт­қыш­тар­дың аузы­на тү­сіп, өз жан­да­рын ба­ла­ла­ры­ның жо­лын­да пи­да ету­ле­рін қа­лай тү­сі­ну­ге бо­ла­ды? Мы­сал­ға, те­ңіз­де­гі кей­бір үл­кен ба­лық түр­ле­рі та­мақ­тан­ған­нан кейін ау­зын ашып тұ­ра­ды. Ал екін­ші бір кіш­кен­тай ба­лық ке­ліп тіс­те­рі­нің ара­сын­да­ғы ет­тер­ді та­за­лап, қо­рек ете­ді. Де­мек, өмір – қыр­қыс, кү­рес емес, өза­ра жәр­дем­де­сіп, кө­мек­те­су. Әйтпе­се кіш­кен­тай ба­лық қорық­па­стан, емін-ер­кін жырт­қыш ба­лық­тың ау­зын­да жү­ре ал­ма­сы анық. Үл­кен ба­лық та кіш­кен­тай ба­лықтарға тиіс­пес­тен аузын ашып жай ғана тұра алмас еді. Дар­вин­нің айт­қа­нын­дай, жан иеле­рі ара­сын­да өмір үшін жа­сал­ған бұл қыр­қыс, кү­рес­те әл­сіз­дер­дің тұ­қы­мы құ­рып, тек қа­на күш­ті­ле­рі қа­ла­тын бол­са, жер бе­тін­де­гі әл­сіз миллион­да­ған жан-жа­ну­ар, өсім­дік­тер­дің осы күн­ге дейін өз өмір­ле­рін сақтап, ұрпақтарын жал­ғас­ты­руын, ке­рі­сін­ше, ең күш­ті са­на­ла­тын ди­но­за­вр­лар секілі ірі жыртқыштардың тұ­қы­мы­ның тұз­дай құ­ру­ын қа­лай тү­сі­ну­ге бо­ла­ды?

0 пікір