Мінәжат
Мінәжат
3 жыл бұрын 1990

Ғұ­мы­рын осы уа­қыт­қа дейін

бос­қа өт­кі­зіп, жү­ре­гі ақи­қат шуағы­на

кейі­нен ға­на оян­ған бір пен­де­нің

Хақ ал­дын­да­ғы тәуба­сы.

Уа, Жа­ра­ту­шы Жап­пар Ием – Хақ Та­ға­ла!

Құ­лың са­ған кел­ді бас иіп, тәуба ті­леп. Ме­дет ті­ле­рі бар ма оның Се­нен бас­қа? Құ­лың адам­дық тіз­гі­нін нәп­сі­нің қо­лы­на ұс­та­тып, әр бұ­рыш­та тұ­зақ құ­рып, ай­ла ой­ла­ған ібі­ліс­тің құ­ры­ғы­на ша­лын­ды. Дү­ниенің жыл­ты­ры­на ал­да­нып, пен­де­ші­лік­тің бат­па­ғы­на ма­лын­ды. Ен­ді мі­не, кү­нә­лар­ын ар­қа­ла­ған бойы бір қы­за­рып, бір са­за­ра ұял­ған күйі Са­ған кел­ді. Өйтке­ні Сен – мейірім­ді­лер­дің ең мейі­рім­ді­сі, ра­қым­ды­лар­дың ең рақым­ды­сы, ке­ші­рім­ді­лер­дің ке­ші­рім­ді­сі­сің.

Рах­ман Ием! Құ­лың қан­ша кү­нә­ға бат­са да, «бір кү­ні ке­ліп, Се­нің ұлы­лы­ғың­ның ал­дын­да бас ие­мін» - де­ген кө­кі­ре­гін­де­гі үмі­тін жо­ға­лт­па­ды. Өйтке­ні ол кү­нә­сі­нің қан­ша үл­кен еке­нін біл­се де, Се­нің ке­ші­рі­мің­нің одан да үл­кен, шек­сіз еке­ні­не бек сен­ді.

Алла Тағалам! «Раб­бым − тек Сен­сің» де­дім, сөй­те тұ­ра нәп­сі­ме, дү­ниеге құл­дық ұр­дым.

Жа­ра­ту­шы Ием! Ақы­рет де­дім, сөй­те тұ­ра дү­ниені таң­да­дым. Мәң­гі­лік де­дім, сөй­те тұ­ра пә­ни­ді ар­тық көр­дім.

Жап­пар Ием! Се­нің: «Уа, құл­да­рым, шай­тан сен­дер­дің ашық дұш­пан­да­рың» де­ген ра­қым­ға то­лы ес­кер­ту­ле­рі­ңе құ­лақ ас­пай, Ібі­ліс­пен қоян-қол­тық дос бол­дық, жо-жоқ, дос қа­на емес, тіп­ті, ажы­ра­мас сыр­лас бол­дық. Тіпті, кей тұс­та шай­тан біз­ді емес, біз шай­тан­ның өзін аз­ғыр­дық.

Раб­бым! Мен Се­ні ба­сы­ма бір қиын­шы­лық түс­кен сәт­те не­ме­се ауру-сыр­қауға ұшы­рап, ты­ғы­рық­қа ті­рел­ген ме­зет­те ға­на із­де­дім. Сол кез­де ға­на Са­ған де­ген мұқ­таж­ды­ғым­ды мой­ын­дап, құ­ді­ре­ті­ңе бас идім. «Раб­бым, егер осы­дан бір құт­қар­саң, Се­нің адал жо­лың­да жү­рер едім», - деп Өзі­ңе сан рет уәде бер­дім. Сөй­тіп, қиын­шы­лық­тан құ­тыл­ған сәт­те, Се­ні ес­ке ал­ма­стан баяғы әде­тім­ше кер­дең­деп ке­те бар­дым.

Жа­рат­қан Ием! Сен маған ра­қым етіп, ырыс-бе­ре­кең­ді төк­кен сай­ын, Өзі­ңе қа­рыз­дар еке­ні­м­ді се­зі­ніп, маң­дайым­ды сәж­де­ге қою­дың ор­ны­на, тай­раң­да­ған сай­ын тай­раң­дай түс­тім. Се­нен алыс­та­ған сай­ын алыс­тап, күнәға бел­ше­ден бат­тым. Іс­те­ген әр кү­нә­ма өзі­міз­ше ақ­тау ай­тып, мың түр­лі сылтау із­де­дім. Жү­ре­гі­мнің қарай­ып, кү­нә­ға еті­мінің үй­рен­ге­ні сон­ша­лық ауыр күнә­лар­дың өзін еле­мей­тін бол­дық.

Күл­лі ға­лам­ды мейірі­мің­мен тер­бет­кен Рах­ман Раб­бым! Сен не де­ген ке­ші­рім­ді, не де­ген мейі­рім­ді­сің? Мен қан­ша кү­нә іс­теп, жү­ре­гім қа­рай­ып, қа­раң­ғы­лық­қа құл­ди­ла­сам да Сен ме­ні де­реу жа­за­лап, тас тө­бе­ме аза­бың­ды жау­дыр­май, тәубе етуім үшін ғұ­мыр сый­лап, адам бо­лу­ым үшін мұр­сат бер­дің.

Уа, Алла Тағалам! Ер­тең Се­нің ал­ды­ңа бар­ған­да: «Құ­лым! Мен үшін не іс­те­дің?» де­ген сұ­ра­ғы­ңа не деп жауап бе­ре­мін? Дү­ниеде­гі қай ама­лым­ды бір ға­на Се­нің ра­зы­лы­ғың үшін іс­те­дім дей ала­мын? Қу құл­қын­ның қамын күй­тте­ген іс­те­рім­ді ме? Әлде сол бір құл­қын­ның қа­мы үшін ай­на­лам­да­ғы­лар­ға жа­са­ған қу­лық-ай­ла, ұрыс-жан­жа­лым­ды ма? Жоқ әл­де мы­на бес күн­дік дү­ние үшін құ­ра­ған қи­лы-қи­лы жос­пар­ла­рым­ды ма?

Раб­бым! Се­нің ал­дың­да бір-бір­леп тұ­рып есеп­ке тар­ты­лар Мах­шар кү­ні ме­нің жағ­дай­ым не бол­мақ? Ол кү­ні жан біт­кен­нің жү­ре­гі дүр­сіл­деп, ақ тер, көк тер­ге тү­сіп, ана ба­ла­дан, ба­ла әке­ден қа­шып, күйеуі әйелі­нен бе­зіп, әр­кім тек өзі­нің қа­ра ба­сы­ның қа­мын жеп, қи­нал­ған сол кү­ні ме­нің жағ­дай­ым не­шік?

Се­нің: «Ей, құ­лым! Ме­нің са­ған бер­ген бо­лат­тай жас­тық ша­ғың­ды, те­мір­дей денсау­лы­ғың­ды, көл-кө­сір уақы­тың­ды, мал-мүл­кің­ді қай­да, кім­нің жо­лын­да, не үшін жұм­са­дың», – де­ген сұ­ра­ғы­ңа не деп жауап бе­ре­мін?

Еш­кім­ге пай­да­сы жоқ бос сөз­дер мен ма­ғы­на­сыз ой­ын-­сау­ық­қа, кү­нә­ға то­лы жас­тық ша­ғым­ды қа­лай­ша, қа­лай ға­на «Алла Тағалам! Се­нің жо­лың­да, адам­зат­тың игі­лі­гі үшін», – дей алам?! Түк­ке тұр­май­тын бос нәр­се­лер үшін өз­ге­лер­мен бә­се­ке­ле­сіп, ысы­рап ету­ден асып-ар­тыл­ма­ған мал-мүл­кім­ді қа­лай­ша, қа­лай ға­на «Раб­бым! тек се­нің жо­лың­да, ке­дей-кеп­шік, же­тім-же­сір­дің қа­мы үшін?», - деп Се­ні де, өз­ге­ні де ал­дай алам? Атақ-абы­рой, ман­сап үшін ат­қар­ған қыз­ме­тім­ді қа­лай ға­на «Алла Тағалам, тек сенің ри­за­лы­ғың мен хал­қым­ның жақ­сы­лы­ғы үшін», - дей алам?!

Қы­зы­ғын кө­ре­ті­ні­ме кө­зім нақ­ты жет­пе­се де пә­ни дүниенің қа­мы үшін жа­ным­ды алып-са­лып күн­діз-тү­ні тер төк­тім. Сөй­те тұ­ра сөз­сіз ке­ліп же­те­тін өлім үшін, аузын ашып кү­тіп тұр­ған қа­раң­ғы қа­бір үшін, сұ­ра­ғы ауыр есеп кү­ні үшін, жал­пы мәң­гі­лік ғұ­мыр үшін Өзің те­гін бер­ген ағыл-те­гіл жиыр­ма төрт са­ғат­тың ең бол­ма­са бір-екі саға­тын да қи­ма­дым-ау. Ақы­рет­те құл­дың ең бі­рін­ші сұ­ра­ла­тын нәр­се­сі «на­ма­зы» де­мек­ші, осы уақыт­қа дейін ананы сылтау­ра­тып, мы­на­ны сылтау­ратып, дү­ниені көл­де­нең тар­тып, қа­за ет­кен сан­сыз намаз­да­рым­ның есе­бін қа­лай бе­ріп, сұ­ра­ғы­нан қа­лай құты­ла­мын?

Жа­ра­ту­шы Раб­бым! Мен қан­ша кү­нә­һар бол­сам да се­нің шек­сіз ке­ші­рім-мейірі­мің­нен үміт­кер­мін. Есеп күні: «Құ­лым! Се­ні де кеш­тім» де­ген ра­қым­ға то­лы ілти­па­ты­ңа ын­ты­зар­мын. Өйтке­ні Сен – ра­қым­ды­лар­дың ра­қым­ды­сы – бү­кіл әлем­дер­дің Раб­бы­сы­сың. Өйтке­ні Сен Құ­ран­да­ғы: «Ей, (көп кү­нә іс­теп) өз­де­рі­не жа­ман­шы­лық жа­сауда шек­тен шық­қан құл­да­рым! Алланың ра­қы­мы­нан үміт­те­рің­ді үз­бең­дер! Алла бар­лық кү­нә­лар­ды ке­ші­ре­ді. Өйтке­ні Ол – өте ке­ші­рім­ді жә­не ра­қым­ды», деп үміт шаш­қан қа­сиет­ті сөз­дің Иесі­сің.

Уа, Алланың мен се­кіл­ді ер­те­ңі­нен бей­ғам құлдары!

Өлім­нен кім қа­шып құ­тыл­ған? Пә­ни­лік­ке бас име­ген, сі­рә, бі­реу бар ма? Қай­да ке­ше­гі сән-сал­та­на­ты­мен саят құ­рып, зәу­лім-зәу­лім са­рай­лар­да ғұ­мыр кеш­кен аты әй­гі­лі заң­ғар тұл­ға­лар? Қай­да ке­ше­гі біз­дің көз ал­ды­мыз­да жүр­ген ақ­са­қал­ды қа­риялар мен бе­тін әжім бас­қан ақ жау­лық­ты әже­лер? Олар­дан қа­не, кім қал­ды? Кім? Кеше­гі олар­дың ор­нын бү­гін­гі біз­дер ба­са­ты­ны­мыз­ды ұмыт­пай­ық!

Жас­ты­ғың­ның тұ­ла бой­ың­ды жа­сын­дай шар­пып, сар­қыл­мас­тай кө­рін­ген күш-қуа­тын «мәң­гі­лік» деп ал­дан­ба! Жал­ған­ның жа­рын жа­ға­лап жү­ріп, күн­дер­дің бір кү­нін­де аң­даусыз ажал­дың құ­ры­ғы­на ілік­кен сәт­те ға­на қу түл­кі­дей құ­был­ған сұм дү­ниеге ал­дан­ға­ның­ды аң­ға­рып: «Қап, әт­те­ген-ай, жа­ры­ғы сөн­бес­тей кө­рін­ген жал­ған дү­ние жалт бұ­ры­лып ме­ні де қа­пы­да қал­дыр­ды-ау» деп аһылап­үһі­леп өкін­ген­нен не ша­ра?!

Алла Тағалам! Мен Са­ған, Се­нің асыл ді­ні­ңе бет бұр­дым. Алла Тағалам! Қал­ған ғұ­мы­рым­да Құ­ран нұ­ры­нан тай­май, Се­нің жо­лың­да, иман нұрын­да, та­қуалық­тың ізін­де жүру­ді нә­сіп ет! Амин, Әмин!!!

0 пікір