Шүкіршілік
Шүкіршілік
3 жыл бұрын 3305

Шү­кір – жа­ра­ты­лыс­тың сы­ры, шү­кір – дү­ниенің мәйегі, шү­кір – адам­дық­тың рә­мі­зі, шү­кір ету – пен­де­нің ең үл­кен мін­де­ті. Шү­кір – жақ­сы­лық иесі­не жақ­сы­лы­ғы үшін қа­рыз­дар еке­нің­ді се­зі­ну, оның ал­дын­да бас иіп, ал­ғыс-рах­ме­тің­ді біл­ді­ру.

Мі­не, жа­ра­ты­лыс­та шү­кір осын­ша­лық­ты ма­ңыз­ды бо­ла тұ­ра, өкі­ніш­ті­сі, адам ба­ла­сы­ның кө­бі бұл қа­сиет­тен ма­құ­рым. Құ­ран Кә­рім бұл шын­дық­ты: «Құл­да­рым­ның ара­сын­да шү­кір ету­ші­лер өте аз», - деп ес­кер­те­ді.

Иә, адам ба­ла­сы кіш­ке­не ой­ла­нып-тол­ған­са, өзін қор­ша­ған қай нәр­се­нің бол­ма­сын Алла та­ра­пы­нан ар­найы әзір­ле­ніп, адам ба­ла­сы­ның қыз­ме­ті­не ұсы­ныл­ға­нын тү­сі­не­рі сөз­сіз. Тіп­ті, өзі­нің жоқ­тан бар еті­ліп, тір­ші­лік иесі бо­луының өзі ба­ға жет­пес нығ­мет. Бі­рақ, өкініштісі бұл нығ­мет­тің қа­ді­рін же­те тү­сі­ніп, Жара­ту­шы­сы­на де­ген шү­кі­рі­нен жа­ңыл­май­тын тір­ші­лік иесі өте аз.

Мы­са­лы, суға батып бара жатқан адамды әлде бір кісі құт­қа­рып қалса, өміріне себеп бол­ған әлгі адамға: «Мен саған бұ­дан бы­лай қа­рыз­дар бо­лып өте­мін, - деп оның ал­дын­да құ­рақ ұша­ды. Іс­те­ген бір ға­на жақ­сы­лы­ғы үшін бас иіп, өмір бойы ізет біл­ді­ре­рі сөз­сіз. Ал ен­ді біз­ді жоқ­тан бар етіп жа­ра­тып, әр ауа жұ­тып, ты­ныс ал­ған сай­ын біз­ді бір өлім­нен құт­қа­рып, бір өмір сый­ла­ған Жа­ра­ту­шы­мыз­ды ұмыт қал­ды­рып, жақ­сы­лы­ғы үшін ал­ғы­сы­мыз­ды біл­дір­меуі­міз дұ­рыс па?

Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың адам­ға бер­ген жақ­сы­лық, нығ­мет­те­рі шек­сіз. Құ­ран­да: «Егер Алланың сен­дер­ге бер­ген нығ­мет­те­рін са­на­саң­дар, са­нап тауыса ал­май­сың­дар», - де­лі­не­ді.

Біз, адам ба­ла­сы, денсау­лық­тың, әр­бір он екі мү­ше­міз­дің ба­ға жет­пес нығ­мет еке­нін ой­лап, қа­ді­рін тү­сін­дік пе? Олар­ды біз­ге те­гін бер­ген Раб­бы­мыз­ға рақ­ме­ті­міз бен ал­ғы­сы­мыз­ды біл­ді­ріп, Оған қа­рыз­дар еке­ні­міз­ді сезіндік пе? Шын­ды­ғын­да, біз­ге бұл сұ­рақ­қа жауап бе­ру оңай­ға соқ­па­са ке­рек.

Егер біз­ге бі­реу мил­лион ақ­ша сый­ла­са, оған рах­ме­ті­міз­ді жауды­рып, ал­дын­да құ­рақ ұша­мыз. Ал, ен­ді бір қолы­мыз шо­лақ бол­са, мей­лі мил­лиард­та­ған жыл жұ­мыс істеп, трил­лион ақ­ша тап­сақ та Алланың біз­ге те­гін бер­ген сау қо­лын са­тып ала ала­мыз ба? Са­тып ала ал­ма­сақ, не­ге біз трил­лион ақ­ша жұм­сап қол жет­кі­зе ал­май­тын әрбір мү­ше­міз­ді біз­ге те­гін сый­ла­ған Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­ға ал­ғыс-рақ­ме­ті­міз­ді біл­дір­мей­міз? Не­ге «Аллаһу әк­бар»деп сәж­де­ге бас ұр­май­мыз?

Иә, тіп­ті іш­кен-же­ген асы­мыз­ды та­би­ғи жол­мен сырт­қа шы­ға­ру­дың өзі де Ұлы Ие­міз­дің үл­кен жақ­сы­лы­ғы. Оның қа­ді­рін ұғу үшін ауру­ха­на­лар­да­ғы бұл нығ­мет­тен мақ­рұм  жан­дар­ды ба­рып кө­ріп, атал­мыш нығ­мет­тің қа­ді­рін тү­сі­нейік! Тү­сі­ніп, Раб­бы­мыз­ға қа­рыз­дар еке­ні­міз­ді шын жү­рек­тен се­зі­нейік!

Осын­ша­ма жақ­сы­лық­тың, ырыс-бе­ре­ке­нің ал­ғы­сы «шү­кір» де­ген тіліміздің ұшымен айтылатын үй­рен­шік­ті сөз­бен шек­тел­мей­ді. Ұлы Ие­міз­ге де­ген шы­найы ал­ғы­сы­мыз бен ма­хаб­ба­ты­мыз­дың бел­гі­сі – Оның бұй­ыр­ған әмір­ле­рін «ләб­байк» деп, ай­на-қа­те­сіз орын­дап, мін­дет­те­ген ғи­ба­дат­та­рын қадари халімізше то­лық ат­қа­ру мен тый­ым­да­ры­нан тү­гел­дей тый­ылу.

Кө­бі­не біз рах­ме­ті­міз­ді, ал­ғы­сы­мыз­ды шы­найы Иесі­не емес, жол­да­ғы түк­ке тұр­ғы­сыз се­беп­тер­ге біл­ді­румен ғана шектеліп жата­мыз. Қа­лай­ша дей­сіз бе? Ба­зар­дан бір ал­ма са­тып ал­дық де­лік. Са­ту­шы­ға рах­ме­ті­міз­ді ай­тып, қо­лы­на ақша­сын ұс­та­та­мыз. Бі­рақ сол ал­ма­ны «құ­лым же­сін» деп көз тар­тар сұ­лу пі­шін­де жа­ра­тып, ау­зың­нан сі­ле­кейің­ді ағы­зар та­ма­ша дәм мен мұр­ның­ды жа­рар ке­ре­мет жұ­пар иіс­пен бе­зен­ді­ріп біз­ге жі­бер­ген, яғ­ни ал­ма­ның шы­найы иесі – Алла Та­ға­ла­ға шү­кі­рі­міз­ді, рах­ме­ті­міз­ді біл­ді­ріп, Оған де­ген қа­рыз­ды­ғы­мыз­ды се­зі­не­міз бе?

Са­ту­шы­ның қо­лы­на ұс­тат­қан аз­ды-көп­ті тиын-те­бен­ді ал­ма­ның құ­ны деп ой­ла­ма­ңыз, ол тек са­ту­шы­ның еңбе­гі ға­на. Се­бе­бі, ал­ма­ның өз құ­ны өл­шеусіз. Ол ба­ға­мен өл­шен­бейді. Не­ге дей­сіз бе? Егер ал­ма жоқ бол­са, оны өсі­ру үшін дә­не­гін қай­дан алар едік? Мил­лиард­та­ған қар­жы жұм­сап,  жоғары деңгейдегі зертханаларды құрсақ  та алманың бір түйір дә­нін жа­сай алар ма едік? Тіп­ті дә­ні бар бол­ған күн­нің өзін­де оның өсіп же­ті­луіне ке­рек­ті Күн­ді, ауаны, то­пы­рақ­ты, он­да­ғы әр түр­лі ми­не­рал­дар­ды қай­дан та­бар едік Бү­кіл әлем жи­нал­са, ал­ма­ның өсуі үшін ке­рек­ті су­ды, ауаны жа­сай ал­май­ды. Ен­ді осы ал­ма­ға ке­рек­ті күн, ауа, то­пы­рақ, су сияқ­ты қа­жет­ті зат­тар­дың ба­ға жет­пес­ті­гін ес­ке­ре оты­рып, ал­ма­ны ба­ға­лап кө­рейік­ші...

Иә, біз кө­бі­не жа­рат­қан­ды ұмы­тып, ор­та­да­ғы се­беп­тер­ге ға­на ал­ғы­сы­мыз­ды біл­ді­ру­мен шек­те­ліп жа­та­мыз. Бұл ісі­міз­дің қан­ша­лық­ты әді­лет­сіз еке­нін бі­лу үшін мына мы­сал­ға на­зар ауда­рай­ық.

Пат­ша қыз­мет­ші­сі ар­қы­лы бі­реуге ба­ға­лы сый жі­бер­ді де­лік. Әлгі адам сый­лық­ты ала са­лы­сы­мен рах­ме­тін үйіп-тө­гіп пат­ша­ның қыз­мет­ші­сі­не ай­тып, сый­ды тар­ту ет­кен пат­ша­ның өзін еле­ме­се, оның бұл ісі қан­ша­лық­ты жөн­сіз бо­лар еді. Бұл тұс­та на­ғыз ал­ғыс ай­ту­ға лай­ық жан қыз­мет­ші емес, пат­ша­ның өзі емес пе?!

0 пікір