Ертеде бір патша таққа жайғасып, жоғары деңгейдегі сыйластары сыйлықтарын әкеліп құттықтап жатыпты. Осы кезде бір данышпан кісі де табаққа салып, бетін жауып, сыйлығын апарып ұсыныпты. Патша бетіндегі матаны алып табаққа қарағанында, екі түйір көмір салынғанын көріп ашуланыпты. «Бұның не?!» деп шүйлігіпті данышпанға. Данышпан сонда патшаны сабырға шақырып, ол ісінің мәнісін былай деп түсіндіріпті: «Алдияр тақсыр, бұл істе ғибрат бар. Мәнісін түсіндірейін. Мен бір хикметті іске куә болдым. Бір Көгершінді бір Қаршыға қуып бергенде, ол байғұс қатты қорқып, зуылдап ұшқан қалпы өртеніп жатқан орманға қойып кетті. Қайтсем де ілмей қоймаймын деп нық бекінген Қаршыға да ізінен қалмай ол да әлгі орманға кіріп кетті. Нәтижеде не болды? Міне, екеуі де өртеніп, күйіп кетті. Бұдан шығатын қорытынды: адамның түбіне жететін нәрсе – қатты құнығу мен құмарлану. Алдияр патшам, адам қатты құнығып, әсіре құмарлыққа салынатын болса, өмір бойы опық жейді» дегенде, сергек көңілді патша оның бұл берген өмірлік сабағына тәнті болыпты. Әлгі екі көмірді сол қалпында өзінің арнайы қазынасына қойдыртып, данышпанға мол сый-сияпат жасапты.
Өзекті мақалалар
■
Фәтима әл-Фихри - тарихта ең алғашқы университет ашқан мұсылман ғалым әйел (ІХ (9) ғасыр).
■
«Зорлық-зомбылық - бір мемлекеттің қирайтындығының жаршысы!..»
■
"Ей, жарандар, дүниеде ешкім мәңгі тұрмайды...": Ы.Алтынсарин ақырет, тәубе және мінез-құлық жайында
■
Бастаған істі соңына дейін жеткізу үшін не істеу керек?
Көп оқылғандар
■
Тұлпардың тұяғы (естелік әңгіме)
■
Шариғат бойынша кім бірінші сөз салуы тиіс ұл ма, қыз ба?
■
ЗИНАҚОРЛЫҚ ҮЛКЕН КҮНӘ
■
«Ғалымдар әртүрлі болады...»: Абдуррахман ибн Жәузидің (м1116-1201 ж.) естелігінен
■
"Бірден намазға бастаймын дедім...": Түрік атеистін иманға келтірген қарапайым мұсылманның қарапайым жауабы