Қасиетті тәбәрік
Қасиетті тәбәрік
10 жыл бұрын 5417

Сахл ибн Сағыд (р.а.) әңгімелеуде:

Бір әйел жолақ жолағы бар матадан тігілген бір киім әкеліп: «Уа, Аллаһтың елшісі, бұл киімді сізге кигізу үшін әкелдім» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ол киімді алып киді. Өйткені, бір киімге мұқтаждығы бар еді. Сахабалардың бірі Аллаһ елшісін жаңағы киіммен көріп: «Уа, Аллаһтың елшісі, мына киіміңіз әдемі екен, маған бересіз бе?» - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мақұл», - деп әлгі киімді шешіп жаңағы кісіге берді. Кейіннен Пайғамбарымыз (с.а.у.) ол жерден тұрып кетіп қалғаннан кейін жағдайды көріп отырған басқа сахабалар: «Аллаһ елшісінің өзіне де керек киімді киіп тұрғанын көре тұра сұрағаның дұрыс болмады. Білесің ғой, ол өзінен сұралған ештеңеге «жоқ» демейді. Осы кезде киімді алған кісінің айтқаны мынау болды: «Аллаһқа ант етейін, бұл киімді Пайғамбарымыз (с.а.у.) кигендіктен, тәбәрік ретінде алдым. Өлгенімде мені осы киіммен кебіндеңдер» деді»[1].

[1] әл Хинди, Канзул-уммал, Китабуш-шамаил, № 18634 хадис. 

0 пікір