Патшаны разы еткен мұсылман көрші
Патшаны разы еткен мұсылман көрші
5 жыл бұрын 5240
Пернегүл ҮСЕНОВА

Бірде Осман мемлекетінің патшасы Фатих Сұлтан Мехмет тағамдардың сапасын және бағасын білу үшін киімін өзгертіп, базарға шығады. Бір дүкенге кіріп, сатушыға:

- Маған жарты келі май, жарты келі бал және жарты келі ірімшік беріңіз, - дейді.

Сатушы жарты келі май өлшеп, ақшасын есептеп болғаннан кейін:

- Аға, сұрағандарыңыздың қалғанын көршімнен алыңыз. Өйткені, оның заттары әрі жақсырақ, әрі көршім әрі ештеңе сатқан жоқ, - дейді.

Патша екінші дүкенге кіріп, ол жерде жарты келі бал алған соң, сатушы оған:

- Аллаға шүкір, аға, мен бүгін саудамды бастадым, балаларымның жейтін тамағының ақшасын таптым, ал көршім әлі ештеңе сатқан жоқ, жарты келі ірімшікті содан алыңыз, - дейді. Сонда патша:

- Бұл халық осындай көркем мінезімен дүниежүзін өзіне қаратады. Халықтың осы таза кісілік қасиетін бұзған адамға Алланың қаһары жаусын, - деген екен.

0 пікір