Өмірім қысқа болады деп қорықсаң...
Өмірім қысқа болады деп қорықсаң...
7 жыл бұрын 6813
Аударған Меруерт Бақдәулетқызы

Бір күні Нұх (ғ.с.) қатты жылап отырған қарт әйелдің жанынан өтіп бара жатады. Одан осыншалықты жылауының себебін сұрағанда, ол былай деп жауап қатады:

- Менің ұлым қайтыс болды. Ол өмірден ерте кетті, ұлым өте жас еді. Тіпті 300 жасқа да толған жоқ.

Сонда Нұх (ғ.с.) кейуанаға былай деп жауап береді:

- Сондай бір заман келіп, дәуір туады. Сол кезеңде адамдар небәрі 70 жыл ғана ғұмыр кешеді.

   Осы сәтте кейуана дереу көзінің жасын сүртіп, былай деген екен:

- Егер мен сол заманда ғұмыр сүрсем, өмір бойы басымды сәждеден айырмас едім, өмірдің қысқалығын-ай!

   Түйін: Қазіргі кезеңде біздер осы өмірдің қысқалығын біле тұра, Алланы тануға еш асықпаймыз, намаз оқып, Хаққа жақындауды артқа қалдыратынымыз ақиқат. Осылайша ғибадатсыз ғұмырымыздың көбі ғапылдық пен бейқамдықта өтіп кетеді. Алайда бізге ұзақтау көрінген ғұмырдың өзі шын мағынасында өте өлшеулі әрі тым қысқа... 

Сондықтан, қысқа ғұмырда құлшылығымыз көп болсын!

1 пікір
  • Әрбір амалымыздың өзін Алланың атымен бастап, құлшылық қылып орындауға болады (тамақтану, ұйықтау, жүріп-тұру ...). Әр кезде құл екенімізді естен шығармай, құл болып амал етсек, құлшылығымыз да көп болар, ғұмырымыз да құлшылық болар.
    7 жыл бұрын