«Наср» сүресінің астарында қандай мағына жатыр?
«Наср» сүресінің  астарында қандай мағына жатыр?
8 жыл бұрын 9369
Омар (р.а.) сахабалардың ақсақалдарынан құралған «Ақылдастар кеңесіне» жасы кіші болса да, Ибн Аббасты да қосты. Бір жолы ақсақалдар баласынып, оны көзге ілмейтін сыңай танытқанда, хазірет Омар (р.а.) ақылдастар алқасына «Наср» сүресін оқып, оның астарында қандай мағына жатқандығын сұрады. Олар «Алланың көмегі мен жеңісі келгенде, ел топ-тобымен Ислам дінін қабылдайтын болады. Сол кезде Раббыңды пәкте, мадақта әрі кешірім тіле» деген мағынаға келеді десті. Хазірет Омар ол жауапқа қанағаттанбай сол сұрақты Ибн Аббасқа да қойғанда, ол «Бұл сүре Расулалланың тіршіліктегі дәм-тұзы таусылғандығын аңғартады. Елдің топ-топ болып Ислам дінін қабылдауы адамзатқа дінді жеткізуші елшінің міндетінің аяқталғанын білдіреді. (Ендігі жерде Расулалланың міндеті – өзіне осыншама нығметтерді жаудырған, бар себептерді бір-бірімен үйлестіруші Алланы ұлықтау, бар жақсылықты Жаратушыдан деп білу, күнәсіз бола тұра, әр күні кемелдіктің жаңа бір сатысына көтерілген кезінде өткен күндеріндегі дәрежесін ойлап, сол күндер үшін кешірім тілеу)», – деп жауап береді. Бұл жауапты естігенде, хазірет Омар ақсақалдарға «Ибн Аббасты міне, осындай зеректігі үшін араларыңызға қостым», – деген еді.
1 пікір